Жаңа жылдың қарсаңында Шығыс Қазақстанда жаңартылған мектеп таныстырылды! » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа жылдың қарсаңында Шығыс Қазақстанда жаңартылған мектеп таныстырылды!
31
желтоқсан
2024

Жаңа жылдың қарсаңында Шығыс Қазақстанда жаңартылған мектеп таныстырылды!

Жаңа жылдың қарсаңында Шығыс Қазақстанда жаңартылған мектеп таныстырылды
Биыл Шығыс Қазақстан облысының Бозанбай ауылындағы мектеп заманауи стандарттарға сәйкес жаңғыртылды. 30 желтоқсанда Жаңа жылдың қарсаңында мектепте ашық есік күні өтті. Бұл тірек мектеп – «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектебінің әлеуетін арттыру» жобасының қатысушысы. Жобаның мақсаты - ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы теңсіздікті жоюға жәрдемдесу. Іс – шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиев, Ұлан ауданының әкімі А.И. Бекбосынов, « Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры» қоғамдық қорының жоба менеджері С.Б.Қайсарбеков, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Ж.О.Ерниязова, Ұлан ауданы мектептерінің директорлары, ардагер ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты.
Мектеп оқушылары қонақтарды «Жобалар көрмесімен» таныстырды: «Қыран бүркіт баптауы арқылы өлкемізде туризмді дамыту» - Маркс Айзере, 9 сынып оқушысы, «Қазақтың ұлттық ойыны - асық» - Медет Жанасат, 7 сынып оқушысы, «Английский язык – каждый день», Майданов Мади, 7 сынып оқушысы, «Lego Education Spike Prime» - роботтарды басқару – Бекназарова Наиля, 4 сынып оқушысы, Майданов Жаналы, 5 сынып оқушысы, «Бие сүтінің химиялық құрамы» - Асқат Диана, 9 сынып оқушысы, «Гидропоника әдісін колдана отырып, өсімдіктердің өсу жылдамдығын және өнімділігін зерттеу»- Капақ Айша, 9 сынып оқушысы, «Ақылды үй»- Нұрланқызы Динара,10 сынып оқушысы, «Құмырсқаның математикалық қабілеті»-Қапақ Нұрбағым, 3 сынып оқушысы, «Почему юрта круглая» - Лукьянов Егор, 4 сынып оқушысы.
Қонақтар телестудия, АРТ студия, заманауи шеберханалар, STEM, робототехника, химия, биология кабинеттерінің мүмкіндіктерімен, психолог кабинетіндегі атмосферамен таныс болды және «Адал ұрпақ», «Домбыра», «Ақындар мектебі» үйірмелерінің мүшелері өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара аясында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының аралық қорытындылары туралы « Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры» қоғамдық қорының жоба менеджері Сырым Бектасұлы Қайсарбеков таныстырды. Ашық есік күніне қатысқан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев өз сөзінде «Шығыс Қазақстан облысы білім сапасы жағынан елімізде алдыңғы қатарда екендігі барлығымызғы мәлім. Сондықтан осы үрдісті сақтап, ары қарай жалғастыруымыз керек. Бұл ретте осындай тірек мектептердің атқарар рөлі өте зор. Қазіргі уақытта облысымызда тірек мектептердің саны 8- ге жетті. Келесі жылы тағы да 4 тірек мектебін іске қоссақ деген жоспарымыз бар»,- деп атап өтті. Презентация қонақтары құттықтау сөздерінде заманауи жабдықталған мектеп оқушылары биік белестерден қөрінетіндіктеріне сенім білдіріп, жаңа жылға жаңа жетістіктер мен табыс тіледі. Іс-шара қорытындысы бойынша қонақтар пікір алмасты.
**************************************
В преддверии Нового года презентовали обновленную школу в Восточно-Казахстанской области.
В этом году школа в селе Бозанбай Восточно Казахстанской области была модернизирована в соответствии с современными стандартами. 30 декабря, накануне Нового года, в учебном заведении состоялся День открытых дверей. Школа является участником проекта «Развитие потенциала опорных школ в сельской местности», реализуемого Фондом «Қазақстан халқына», холдингом AITAS, АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» и Фондом устойчивого развития образования. Цель проекта — устранение неравенства в качестве образования между сельскими и городскими школами. В мероприятии приняли участие заместитель акима Восточно-Казахстанской области Е.Ж. Нұрғалиев, аким Уланского района А.И.Бекбосынов, менеджер проекта общественного фонда «Фонд устойчивого развития образования» С.Б.Қайсарбеков, директор Назарбаев интеллектуальной школы Ж.О.Ерниязова, директора школ Уланского района, ветераны труда и представители СМИ.
Учащиеся школы представили гостям выставку проектов: «Развитие туризма в нашем регионе через разведение беркутов» - Маркс Айзере, ученица 9 класса, «Асық – национальная казахская игра» - Медет Жанасат, ученик 7 класса, «Английский язык – каждый день» - Майданов Мади, ученик 7 класса, «Lego Education Spike Prime» - управление роботами –Бекназарова Наиля, ученица 4 класса, Майданов Жаналы, ученик 5 класса, «Химический состав кобыльего молока» - Асқат Диана, ученица 9 класса, «Изучение скорости роста и продуктивности растений методом гидропоники» - Капақ Айша, ученица 9 класса, «Умный дом» - Нұрланқызы Динара, ученица 10 класса, «Математические способности муравья» - Қапақ Нұрбағым, ученица 3 класса, «Почему юрта круглая», Лукьянов Егор,ученик 4 класса.
Гости ознакомились с возможностями кабинетов робототехники, биологии, STEM, химии, телестудии, АРТ студии, современных мастерских, кабинета психолога, а также члены кружков «Адал ұрпақ», «Домбыра», «Ақындар мектебі» показали свои работы.
В рамках мероприятия представители общественного Фонда устойчивого развития образования представили промежуточные результаты проекта «Развитие потенциала поддержки школ в сельской местности». «Нам всем известно, что Восточно-Казахстанская область находится на лидирующих позициях в сфере образования в стране. Поэтому, очень важно сохранить эту тенденцию и продолжить ее. Нужно отметить, что в этой работе роль таких опорных школ очень важна. В настоящее время количество опорных школ в нашем регионе достигло 8-ми. В следующем году мы планируем запустить еще 4 опорных школ» - отметил в своем выступлении заместитель акима Восточно-Казахстанской области Ербол Нургалиев. Гости презентации в поздравительной речи выразили уверенность, что учащиеся современно оборудованной школы добьются больших высот и пожелали новых свершений и успехов в новом году. Гости обменялись мнениями по итогам мероприятия.








[/center]