"Математика, физика және информатика" пәндер онкүндігі
5-11 сыныптар арасында "Математика, физика және информатика" пәндер онкүндігі өткізілді. Мазмұнды да әрі тартымды өткен онкүндіктің мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды. Математика пәні мұғалімі Сапаргалиева Г.М.