Тәуелсіздік мерекесі » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72338) 2-17-12
Бухгалтерия
+7(72338) 2-17-12
Версия для
слабовидящих
» Тәуелсіздік мерекесі
19
желтоқсан
2019

Тәуелсіздік мерекесі

Бозанбай орта мектебі
2019-2020 оқу жылында Тәуелсіздік мерекесін жоспар бойынша атап өтті. Тәуелсіздік күні - барша қазақстандықтар үшін ұлы мереке. Жоспар бойынша мектепте мерекеге орай әр бағытта іс-шаралар ұйымдастырылды.
09.12.19 күні «Тәуелсіздік елімнің тірегі» атты салтанатты тізілім өткізіліп, мемлекеттік гимн орындалған соң, сынып жетекшілері мен оқушылары мереке жоспарымен таныстырылды.
10.12.19 күні «Елім деп соққан жас жүрек» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Байқауға 5-8 сынып оқушылары қатысты.
11.12. - 12.12.19 күндері «Тәуелсіздігім- тұғырым» тақырыбында 5-11 сыныптарда жаңа форматта ата-аналардың қатысуымен тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға мерекенің маңызы түсіндірілді. 1-4 сынып оқушылары «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбында зияткерлік ойындарға қатысты. Ойынның мақсаты: оқушыларды Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
13.12.19 күні мектеп ұжымы «Туы биік туған елім» атты ауылдық мәдениет үйінде өткізілген концертке белсенділікпен атсалысты.
16.12-17.12.19 күндері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ауыл жастарының қатысуымен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараларға белсене қатысқандарды алғыс хаттар және грамоталармен ауыл әкімі марапаттады.
Мектеп фойесі Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық қабырға газеттерімен, шар, плакаттармен безендіріліп, «Тәуелсіздік – бақыт жолы» атты қолөнер көрмесі және мектеп кітапханасында Тәуелсіздік күніне арналған «Тарих-ғасырлар куәсі» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Мектеп ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арнап ауданда өткізілген әр шараға белсене қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.