"Ауғанстан – жазылмайтын жара" атты ерлік сабағы
2023 жылғы 10 ақпанда Бозанбай орта мектебінде сарбаздар мен офицерлердің подвигі туралы тарихи жадыны сақтау, жас ұрпақты патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мақсатында Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарылғанына арналған "Ауғанстан – жазылмайтын жара" атты ерлік сабағы өтті.
Ерлік сабағында 10-сынып оқушылары Әлібек Әлихан мен Шәкірова Арай 5 — сынып оқушыларын Ауған соғысының тарихымен, ешкімнің жарияланбаған Ауған соғысының басталу себептері мен оның ұзақтығымен, Кеңес әскерлерінің орны толмас шығындары туралы, туған үйінің табалдырығынан ешқашан өтпейтін жерлестеріміз туралы таныстырды.
Бір минут үнсіздікпен біздің қаза тапқан барлық сарбаздарымыз бен офицерлерімізді еске алып, жауынгерлік борышын орындаған ең жоғары рухты, жанқиярлықты, каһармандықты көрсеткендерге құрмет көрсетілді. Сабақ барысында Ауғанстан соғысының қатысушылардың жазған өлеңдері оқылды, деректі бейнематериалдардың үзінділері қаралды.