Мұғалімдер жетістіктері - "Бозанбай орта мектебі" КММ https://bozanbai.mektebi.kz/ ru Мұғалімдер жетістіктері - "Бозанбай орта мектебі" КММ DataLife Engine МАРАПАТЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! https://bozanbai.mektebi.kz/main/12936-marapatyyz-tty-bolsyn.html https://bozanbai.mektebi.kz/main/12936-marapatyyz-tty-bolsyn.html
  • ]]>

    Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұсынысымен 42 жыл білім саласында қызмет атқарып жүрген Абдрахманова Гульмира Турдыбековна «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
    Гульмира Турдыбековна 1981 жылдан бері білім саласының барлық сатысынан өтіп, мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Еңбек жолын С.М. Киров атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімінен бастап,  2000 жылы «Бозанбай орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.
    Гульмира Турдыбековнаның жұмысындағы мақсаты мектептегі оқу-тәрбие процесін әдістемелік жағынан сауатты және кәсіби түрде басқарып, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында баланың жеке ерекшеліктерін дамыту негізі болып табылатын тәрбие жұмысының жоғары ұйымдастырылған жүйесін дамыту. 
    Шығармашылық және дарынды балаларды анықтау, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғау. Әкімшілік ұтқырлығы жоғары, шығармашылық іс-әрекет түріне бейім Гульмира Турдыбековна оқушылардың  жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастырушылық, жоспарлау жұмыстарын үнемі дамытып отырады. Сәтті ұйымдастырылған жұмыстың арқасында, мектеп өзіндік ерекшелігі бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Мектеп оқушылары аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.
    Гульмира Турдыбековна  білім беру саласындағы жақсы жетістіктері және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі лайықты қызметі, еңбектегі шығармашылық педагогикалық қызметі үшін республикалық, облыстық деңгейінде марапатталған тұлғалардың бірі. Өзінің ішкі мәдениетімен, білімінің кеңдігі мен тереңдігімен, ерекше саналылығымен, жоғары жауапкершілік сезімімен, өз мамандығына деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. 
    Гульмира Турдыбековна алған марапатыңыз құтты болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, қызметте мол табыстар тілейміз! 

    ]]>
    bozanbay_sh Thu, 11 Jan 2024 19:16:42 +0600
    Біз аудандық спартакиаданың жеңімпаздарымыз https://bozanbai.mektebi.kz/main/8607-bz-audandy-spartakiadany-zhempazdarymyz.html https://bozanbai.mektebi.kz/main/8607-bz-audandy-spartakiadany-zhempazdarymyz.html ]]> «Бозанбай орта  мектебі» КММ-нің мектеп ұжымы 2023 жылдын 01 сәуірінде "Салауатты өмір салты" ұранымен Кеңес Одағының батыры , жерлесіміз Т.Тохтаров  атындағы жүлде үшін өткен Ұлан ауданы бойынша білім беру кызметкерлерінің  дәстүрлі аудандык спартакиадасының ақтық ойынға қатысты. Жарыс 5 түрлі спорт түрінен өтті. Мектебіміздің мұғалімдері жеке есепте және командалық есепте де жүлделі орындарға ие болды: волейболдан (Касенгазин Мейрам, Шәкіров Асан, Журкабаев Муслим, Ашимжанов Нурболат, Елубаев Рустам, Бекбосынова Аружан, Дәулет Аңсагүл, Сағиолда Нұршат) 3 орын, шахматтан Сапашев Бауржан 2-орын,  үстел теннисінен  Бекбосынова Аружан, Шәкіров Асан  1-орын  және Қ.Садакпаев атындағы ауыспалы кубок алды.
    ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА ЖАЛПЫ КОМАНДАМЕН І -ОРЫНҒА  және Т.Тохтаров атындағы ауыспалы кубокқа   ие болды.
    ]]>
    Bozanbai school Mon, 03 Apr 2023 10:16:28 +0600
    Қыздар арасында мылтық атудан аудандық турнир https://bozanbai.mektebi.kz/main/213-yzdar-arasynda-mylty-atudan-audandy-turnir.html https://bozanbai.mektebi.kz/main/213-yzdar-arasynda-mylty-atudan-audandy-turnir.html ]]>
    2023 жылдың 9 наурызында «Б. Ахметов атындағы орта мектебі» КММ-де 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған Ұлан ауданы білім беру мекемелерінің әйел мұғалімдері мен оқушы қыздары арасында пневматикалық мылтықтан оқ атудан әскери-спорттық жарысы өткізілді.
    Жекелей есепте мұғалімдер арасында І орынды Бозанбай орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сағиолда Нұршат Сағиолдақызы  және оқушылар арасында І орынды 10 сынып оқушысы  Назкейқызы Ақбота иеленді.
    Жалпы есепте І орынды Бозанбай орта мектебі жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар Ұлан ауданының білім бөлімі атынан мақтау грамоталарымен, командалар грамота және кубоктармен марапатталды. Турнирге команданы дайындаған АӘТД пәнінің мұғалімі Журкабаев Муслим Хасенович.
    ]]>
    Bozanbai school Fri, 10 Mar 2023 19:56:21 +0600
    "Үздіксіз білім беру үдерісіндегі ЖМБ мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі» онлайн-семинары https://bozanbai.mektebi.kz/main/139-zdksz-blm-beru-dersndeg-zhmb-malmdern-ksbi-zyrettlg-onlajn-seminary.html https://bozanbai.mektebi.kz/main/139-zdksz-blm-beru-dersndeg-zhmb-malmdern-ksbi-zyrettlg-onlajn-seminary.html ]]> Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Үздіксіз білім беру үдерісіндегі ЖМБ мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі» онлайн-семинары.
    Семинардың мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша танымдық іс-әрекетінде білім алушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттер мен әдістерді қалыптастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.
    Онлайн-семинар аясында  "Бозанбай орта мектебі" КММ директорының оқу ісі  жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші Боксенова М.К іс-тәжірибесімен бөлісті.

    https://www.instagram.com/p/ClnGoJeofqo/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
    https://www.facebook.com/centrshygysvko/posts/pfbid0gRGCvazNqZcpCG3xqvKnaWufiQEiC375ZBvfSC8RHvPi7JPnS9odbxNVcBWbNEPsl]]>
    Bozanbai school Mon, 12 Dec 2022 07:57:56 +0600
    "Жетекші мектеп-жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп" аймақтық форум https://bozanbai.mektebi.kz/main/137-zheteksh-mektep-zhaartylan-blm-mazmnyn-oldaushy-mektep-ajmaty-forum.html https://bozanbai.mektebi.kz/main/137-zheteksh-mektep-zhaartylan-blm-mazmnyn-oldaushy-mektep-ajmaty-forum.html ]]> Bozanbai school Mon, 12 Dec 2022 07:35:34 +0600 Білім қызметкерлерінің ІХ облыстық спартакиадасының қорытындысы https://bozanbai.mektebi.kz/main/96-blm-yzmetkerlern-h-oblysty-spartakiadasyny-orytyndysy.html https://bozanbai.mektebi.kz/main/96-blm-yzmetkerlern-h-oblysty-spartakiadasyny-orytyndysy.html ]]> Ұлан аудандық кәсіподақ ұйымының команда құрамына біздің мектептің мұғалімдері Касенгазин Мейрам Турарович (волейбол), Бекбосынова Аружан Райнатовна (үстел теннисі, волейбол) және Дәулет Аңсагүл (волейбол) қатысты. 
    Спартакиада қорытындысы бойынша Бекбосынова Аружан үстел теннисінен ІІІ орын, Касенгазин Мейрам, Бекбосынова Аружан және Дәулет Аңсагүл ауданның волейбол командасының құрамында ІІ орын алды.
    Жалпы командалық есепте біздің ауданымыздың командасы облыс чемпионы атанды!



    ]]>
    Bozanbai school Sun, 15 May 2022 17:48:23 +0600
    "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындау" облыстық семинар https://bozanbai.mektebi.kz/main/138-blm-beru-jymdaryn-memlekettk-orytyndy-attestattaua-dajyndau-oblysty-seminar.html https://bozanbai.mektebi.kz/main/138-blm-beru-jymdaryn-memlekettk-orytyndy-attestattaua-dajyndau-oblysty-seminar.html ]]> Bozanbai school Wed, 20 Apr 2022 07:45:28 +0600 Районная спартакиада работников образования https://bozanbai.mektebi.kz/main/60-rajonajaja-spartakiada-rabotnikov-obrazovanija.html https://bozanbai.mektebi.kz/main/60-rajonajaja-spartakiada-rabotnikov-obrazovanija.html ]]> В личных и командных видах спорта показала следующие результаты:

    Настольный теннис - команда І место
    1. Бекбосынова Аружан Райнатовна - І место
    2. Шәкіров Асан Герценұлы - ІІІ место
    Стрельба из пневматической винтовки- команда ІІ место
    1. Журкабаев Муслим Хасенович - І место
    Тоғызқұмалақ - команда ІІІ место
    1. Бакыт Амангүл - ІІ место
    Волейбол ІІІ- место
    1. Касенгазин Мейрам Турарович
    2. Журкабаев Муслим Хасенович
    3. Шәкіров Асан Герценұлы
    4. Ашимжанов Нурболат Амангельдинович
    5. Бекбосынова Аружан Райнатовна 
    6. Дәулет Аңсагүл
    7. Бухатова Ардак Кабдывалиевна
    8. Серік Салтанат
    Выражаем благодарность руководителю Уланского районного отдела образования Оспангалиеву К.А., председателю районной организации профсоюза работников образования Кабдрахмановой Г.Т, методисту Уланского районного отдела образования Сулейменову С.Р и всем членам оргкомитета за компетентность, ответственность в проведении спартакиады.
    ]]>
    Bozanbai school Wed, 23 Mar 2022 20:31:45 +0600