2021 – 2022 оқу жылындағы “Жаратылыстану, Көркем еңбек” ӘБ жұмысының сараптамасы
2021 – 2022 оқу жылындағы “Жаратылыстану, Көркем еңбек”
ӘБ жұмысының сараптамасы
Жаратылыстану, көркем еңбек бірлестігінің әдістемелік тақырыбы: "Жаңа технология әдістерін қолдана отырып жаратылыстану - көркем еңбек бағытындағы пәндер бойынша оқушы біліктілігін дамыту"
Жаратылыстану – көркем еңбек әдістемелік бірлестігінің мақсаты:
Оқушылардың биология, химия, көркем еңбек сабақтарына деген қызығушылығын ояту.
Жаратылыстану – көркем еңбек әдістемелік бірлестігінің міндеті:
1. Оқу тәрбие жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыру.
2. Оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес бағдарламалар
бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспарларды талдап, қарау.
3. Пән мұғалімдерінің өз білімдерін, біліктілігін көтеру курстарына баруды жоспарлап, мектеп әкімшілігіне ұсыну.
4. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін жасап, жоспарлау.
5.Мектепішілік олимпиада өткізу, ғылыми жобаларға қатысу, ЕНТ-ға дайындық жасау.
6.Пәнге қызығушылығын ояту үшін түрлі инттелектуальды сайыстар ұйымдастыру, қатысу.
“Жаратылыстану, Көркем еңбек” бірлестігінің құрамында 5 мұғалім жұмыс атқарады. Оның 4- үі жоғары білімді: 1 мұғалім – «педагог –зерттеуші»; 1 мұғалім - жоғары санатты, 1 - мұғалім - ІІ санатты, санаты жоқ - 2 мұғалім
Р\с | Мұғалімнің аты-жөні | Мамандығы | Білімі | Санаты | Еңбек өтілі | Соңғы рет аттест. өткені | Білім жетілдіру курсы |
1. | Курумбаева Сандугаш Агламбековна. | химия пәні мұғалімі | жоғары | «педагог –зерттеуші» | 35жыл | 2020 | 2021 |
2. | Бухатова Ардак Кабдывалиевна | биология пәні мұғалімі | жоғары | жоғары санатты | 32жыл | 2016 | 2021 |
3. | Усольцева Айдана Сеилгазиновна | биология пәні мұғалімі | жоғары | санаты жоқ | 4 жыл | 2020 | 2021 |
4 | Саденов Оразхан Сеилханович | көркем еңбек (ұлдар) пәні мұғалімі | жоғары | II санатты | 20жыл | 2016 | 2021 |
5 | Масалимова Багдат Жанабаевна | көркем еңбек (қыздар) пәні мұғалімі | орта арнаулы | санаты жоқ | 8 жыл | 2021 | 2022 |
Жыл басында әдістемелік бірлестігінің мүшелерін, міндеттерін, жоспарларын бекітіп, жаңа бағдарламалар мен оқулықтармен таныстық. Оқушы компоненті, таңдау курстары мен қолданбалы курстар бойынша сабақ беретін мұғалімдердің де жоспарлары бекітілді. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде 2021-2022 оқу жылына арналған Әдістемелік –нұсқау хатты: ҚР Білім және Ғылым министрінің Үлгілік оқу жоспарлары МОН РК 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алып жұмыс жасалды. Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары
бойынша мұғалімдер мерзімінде білім арттыру және білім жетілдіру курстарынан Шығыс Қазақстан облыстық «Өрлеу» АҚ педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында, ШҚО Педагогикалық шеберлік өтіп тұрды. Ұстаздар сайыстарда, форумдарда, педагогикалық қызмет бағыты бойынша көрмелерге, аудандық және қашықтық олимпиадаларға қатысып, сертификат, жүлделі орындарға ие болды.
Мектебімізде 14.02.2022 - 19.02.2022 аралығында «Жаратылыстану – тіршілік туралы ғылым» тақырыбында биология, химия және көркем еңбек пәндер апталығы өтті. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Апталықтың мақсаты: Химия, биология және көркем еңбек пәндеріне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, шапшандыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауға тәрбиелеу.
Апталық барысында биология пәні мұғалімі Усольцева А.С. ұйымдастырған «Денсаулық кепілі ...» атты лекторлық тобы жұмыс жасады. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыс, ашық сабақтар, « Жаратылыстану –тіршілік туралы ғылым» атты қабырға газеттер сайысы, оқушылардың ұлттық қолөнер туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында көркем еңбек мұғалімдерінің басшылығымен ұйымдастырылған «Қол өнері» көрмесі. Апталық аясында өткізілген «Жаратылыстану – тіршілік туралы ғылым» қабырға газеттері оқушылар үшін қызықты мәліметтерге толы болды Биология пәні мұғалімдері Усольцева А.С., Бухатова А.К., химия пәні мұғалімі Курумбаева С.А. 10-11 сыныптар арасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынын өткізді. Аталған іс-шара танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар химия, биология пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды.
Апталық барысында өткен ашық сабақтар: биология пәнінен Усольцева А.С. 7ә сыныбында «Ұйқы», химия пәнінен С.А.Курумбаева 8а сыныбында «Химиялық байланыс түрлері», көркем еңбек пәнінен Саденов О.С. 6а сыныбында "Салфеткаға арналған тұғырық", көркем еңбек пәнінен Масалимова Б.Ж. 6а сыныбында «Идеялар құру» тақырыбында ашық сабақтарды өткізді.
Апталық барысында өткен ашық сабақтар оқушылардың логикалық ақыл-ойын, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатымен білім беру жүйесінің жаңа әдісі-тәсілдері арқылы жоспарланды. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, сабаққа қызығушылығын оятып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отырады. Пән мұғалімдері оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып оқушыларға тең серіктес болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын ашық айтуға, сөйлеуге қолдау көрсетіп отырды. Апталықтың соңғы күні өткізілген іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, Барлық өткен іс-шаралар Фейсбук желісіндегі Бозанбай орта мектеп парақшасына салынды.
Белсенділік танытқан оқушылар мен « Жаратылыстану –тіршілік туралы ғылым» қабырға газеті сайысына қатысқан сыныптар марапатталды.
Әдістемелік апталықтың қорытындысы бойынша жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асты: 1.пән мұғалімдері ашық сабақтар мен ашық іс шаралар өткізді; 2.ашық іс- шараға ӘБ мұғалімдері, оқушылар белсене қатысты. Апталық қорытындысы бойынша пән мұғалімдеріне келесі ұсыныстар жасалды:
1.Пән мұғалімдердің өзіндік талдауын жетілдіру;
2.Ашық іс-шара беру кезінде уақытты үнемдеу;
ӘБ жетекшісі Курумбаева С.А. апталықтың қорытындысын шығара отырып, химия, биология пәнінен «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» бағытындағы жұмыстар әлі де жеткіліксіз –интеллектуалды сайыстар, олимпиадаларда нәтижелерге қол жеткізуге, жоғары сынып оқушыларын ғылыми жобалар қорғауға дайындауға барлық мүмкіндіктерді қолданып, жоғары санатты мұғалімдердің белсенділіктерін арттыру қажет деген қорытынды жасады.
Бухатова Ардак Кабдывалиевна – жоғары санатты, биология пәні мұғалімі. Мұғалімнің өзекті тақырыбы: «Жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен жұмысын тиімді ұйымдастыру. Биология сабағында оқушылардың өздік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру арқылы білімдерін тәжірибеде қолдануларын дамыту» тақырыбында жұмыс жасайды. Мұғалім өзіне бекітілген жүктемелермен 7Б, 8Б, 10Б, 11А сыныптарында сабақ жұргізді. Ардак Кабдывалиевна сабақтарын жаңа технологиялармен, көрнекіліктермен талапқа сай жүргізеді. Жас маман, биология пәні мұғалімі Усольцева А.С. тәлімгер ретінде сабақтарына қатысып, методикалық көмек беріп келеді. Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қаласы филиалында биология пәні бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша тренерлік жұмыс атқарады.
Биология пәнінен білім сапасының үш жылғы салыстырмалы көрсеткіші:
Оқу жылы | Білім сапасы | Үлгерімі | Динамика |
2019-2020 | 61% | 100% | -1 |
2020-2021 | 54% | 100% | -7 |
2021-2022 | 64 % | 100% | +10 |
Білім сапасының 3 жылдық мониторингі
Оқу жылы | 2019-2020 о.ж. | 2020-2021 о.ж. | 2021-2022 о.ж. |
Үлгерім | 100 % | 100 % | 100 % |
Білім сапасы | 61% | 54% | 64 % |
Оқушылардың жетістігі
Оқушылардың аты-жөні | Қатысқан іс-шаралары, дәрежесі | Нәтижесі |
2021-2022 о.ж. | ||
Серік Мөлдір | Республикалық олимпиада биология пәні бойынша Веб сайт «ККО. KZ» | 1 орын |
Гүлсәуле Манарбек | Республикалық ұлттық олимпиада «NIO.KZ» | 2 дәрежелі диплом |
Жолдыбаева Диана | «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» «Балалар бастауы – 2021» ШҚ «Дарын» ғылыми әдістемелік орталығы, облыстық байқау кезеңі | 3 орын |
Кокпаева Еркежан | «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» «Балалар бастауы – 2021», ШҚ «Дарын» ғылыми әдістемелік орталығы, облыстық байқау кезеңі | 3 орын |
Мұғалімнің жұмысының нәтижесі
Тақырыбы | Қандай үлгіде, нәтижесі | Қай жерде, дәрежесі |
2020-2021 оқу жылы | ||
«Планы нации -100 конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ» | Благлдарственное письмо за подготовку победителей в Республиканской олимпиаде по предмету «Биология» | ККО (конкурсы, конференции, олимпиады) |
«Основные аспекты использования инновационных технологий в образовательном процессе» - конференция | Диплом 1 степени, сертификат | ККО ( Республиканские научно-практические конференции с международнвм участием) |
«Дистанционное обучение в школе» | Диплом 1 степени, Сертификат за участие во всероссийской научно-практической конференции с международным участием | Всероссийские научно-практические конференции с международнвм участием) |
Республикалық пәндік олимпиада биология пәні бойынша | III дәрежелі диплом, сертификат | Daryn. Online, Qaztest.kz |
Халықаралық олимпиада биология пәні Общество «МРИКС» | 1 дәрежелі Диплом | Халықаралық олимпиада биология пәні Общество «МРИКС» |
Республикалық қашықтық олимпиадас | Аудан бойынша 2 орын | КИО |
Ұсыныс: Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында жұмысты жалғастыру
Курумбаева Сандугаш Агламбековна педагог – зерттеуші біліктілік санатты химия, жаратылыстану пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 35 жыл, аттестациядан өткен жылы – 2020 жыл. Мұғалім 7, 8, 9, 10, 11 cыныптарына химия, 5, 6 сыныптарына жаратылыстану пәнін береді. Өз іс-тәжірибесінде ақпараттық технология, СТО технологияларының элементтерін жүйелі түрде қолданады. Мұғалімнің өзекті тақырыбы «Білім беру мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыру»
Педагогикалық қызметінің нәтижелері:
Химия пәнінен білім сапасының үш жылғы салыстырмалы көрсеткіші:
Оқу жылы | Білім сапасы | Үлгерімі | Динамика |
2019-2020 | 64 % | 100% | +5 |
2020-2021 | 59 % | 100% | -5 |
2021-2022 | 58 % | 100% | -1 |
Білім сапасының 3 жылдық мониторингі
2019-2020 о.ж. | 2020-2021 о.ж. | 2021-2022 о.ж. | |
Үлгерім | 100 % | 100 % | 100 % |
Білім сапасы | 64% | 59% | 58 % |
Берілген кестенің мәліметтеріне сәйкес: 2019- 2022 оқу жылдары оқушылардың үлгерімі тұрақты деңгейде екендігін байқауға болады – 100% және әр өткен оқу жылымен салыстырғанда жоғары екенін көрсетеді. Білім сапасы 2020-2022 оқу жылын 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда жағымды динамикада 5 %, жетік деңгейде екенін көруге болады. Себебі дарынды оқушылармен, үлгерімі төмен оқушылармен апртасына 3-4 рез қосымша сабақтар жүргізіліп отырды. Үш жылдың ішінде оқушылардың үлгерімін талдай отырып: үш жылдың ішінде өте жақсы оқитын оқушылар мен жақсы оқитын оқушылар саны біртіндеп өсіп келе жатқанын білдіреді. 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдарын 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда білім сапасының динамикасы -5% және -1% көрсетіп тұр. Себебі, 9 «А», 10 «А» сынып оқушыларына бейіндік білім берудегі оқу материалының күрделілігі.
Жаратылыстану пәнінен білім сапасының үш жылғы салыстырмалы көрсеткіші:
Оқу жылы | Білім сапасы | Үлгерімі | Динамика |
2019-2020 | 69 % | 100% | +3 |
2020-2021 | 61 % | 100% | -8 |
2021-2022 | 64% | 100% | +3 |
Білім сапасының 3 жылдық мониторингі
2019-2020 о.ж. | 2020-2021 о.ж. | 2021-2022 о.ж. | |
Үлгерім | 100% | 100% | 100% |
Білім сапасы | 69 % | 61 % | 64 % |
Жаратылыстану пәнінен 5а, 5ә, 6а, 6б сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтары және ынтасы жоғары. Осының нәтижесінде пән бойынша білім сапасы 61 % дан 64 % артқанын көруге болады.
Оқушылардың жетістігі
Оқушылардың аты-жөні | Қатысқан іс-шаралары, дәрежесі | Нәтижесі |
2021-2022 оқу жылы | ||
Ауганбай Жәнібек | Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша халықаралық ӘЛ-Фараби атындағы халықаралық олимпиада (ағылшын тілінде химия тапсырмалары) | III дәрежелі диплом |
Жарқын Айдос | Республикалық олимпиада КИО | III орын (в области) |
Жолдыбаева Диана | «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» «Балалар бастауы – 2021» ШҚ «Дарын» ғылыми әдістемелік орталығы, облыстық байқау кезеңі | 3 орын |
Кокпаева Еркежан | «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» «Балалар бастауы – 2021», ШҚ «Дарын» ғылыми әдістемелік орталығы, облыстық байқау кезеңі | 3 орын |
Кокпаева Еркежан | Аудан 1 орын Облыстық кезең - сертификат |
Мұғалімнің жұмысының нәтижесі
Тақырыбы | Қандай үлгіде, нәтижесі | Қай жерде, дәрежесі |
2021-2022 оқу жылы | ||
Республикалық қашықтық олимпиадасы | Аудан бойынша 1 орын | КИО |
Аймақтық форум | Сертификат | «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының жетекші мектептерінің форумы» |
Юниорлар-2022 Республикалық олимпиадасы. | Аудандық кезең – 1 орын Облыстық кезең -сертификат | «Дарын» Республикалық Ғылыми –практикалық орталығы |
«Көмірсутектер. Отын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары | Сертификат | «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми әдістемелік сайты |
«Жану үдерісі» - қысқа мерзімді жоспар | Сертификат | «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми әдістемелік сайты |
«Электролиттер мен бейэлектролиттер» -қысқа мерзімді жоспар | Сертификат | `Uchitelya kz» Республикалық ұстаздар сайты |
Ұсыныс: Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында жұмысты жалғастыру
Усольцева Айдана Сеилгазықызы - санаты жоқ, білімі жоғары, биология пәні мұғалімі. Мамандығы бойынша химия , биология пәні мұғалімі. Педагогикалық еңбек өтілі: 3 жыл 8 ай. 2019 жылы «Өрлеу» «Жаңартылған бағдарлама бойынша», 2019 жылы ПШО «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша, 2019-2020 оқу жылы ПШО «Тиімді оқыту», 2020 жылы «ПШО» «PIZA», 2021 жылы «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға инклюзивті білім беру» курстарын оқып аяқтады.
Сабақ беретін сыныптары: 7-11
Өзекті тақырыбы: «Оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы сабақ тиімділігін арттыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»
Ұстаз биология пәнінің сапасын арттыру мақсатында, жаңашыл технологияларды кеңінен қолданады. Жұмысында Ж.У.Кобдикованың әдістемелік нұсқауларын басшылыққа алып, «Оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы сабақ тиімділігін арттыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында жұмыс істейді. Мұғалім педагогикалық әдістемелік шеберлігін үнемі арттырып отырады. Бірлестікте методикалық жаңалықтарды талдап, бақылау жұмыстары және зертханалық жұмыстар өз уақытында орындалды.
Білім сапасы - 67 % көрсетіп, 2020-2021 оқу жылымен салыстырғанда білім сапасы -3% төмендеген.
Биология пәнінен білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші:
Оқу жылы | Білім сапасы | Үлгерімі | Динамика |
2019-2020 | 62 % | 100% | тұрақты |
2020-2021 | 70 % | 100% | +8 |
2021-2022 | 67 % | 100 | -3 |
Үш жылдық білім сапасымен оқу үлгерімінің диаграммасы
2020-2021 оқу жылымен салыстырғанда 2021-2022 оқу жылы пән бойынша білім сапасы төмендеген (-3%), себебі кейбір оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі өте төмен, оқуға деген ынтасы жоқ.Қазіргі кезде білім беруде биологияны оқыту кезеңінде оқушылардың қоршаған ортаны ғылыми танудың дәстүрлі әдістеріне ерекше көңіл бөлінеді: балаларға төмен танымдық белсенділігімен қызықсыз болып көрінетін теориялық және эксперименталдық. Қазіргі балалар ақпарат алу үшін кітаптарға көп үңілмейді, оны компьютерден алады. Мұғалім биология сабағында ақпараттық технологияларды жүйелі түрде қолданбағандықтан оқушылардың білім сапасының деңгейі төмендеген.
Оқушылардың жетістігі:
Оқушылардың аты-жөні | Қатысқан іс-шаралары, дәрежесі | Нәтижесі |
2021-2022 оқу жылы | ||
Қосылбек Аяжан | «Дарын онлайн» білім беру платформасы ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиада | 3 орын |
Шәризат Жұпар | КИО – Республикалық интеллектуалды турнир | 3 орын |
Ынтымақ Тірек | Республикалық қашықтық олимпиада | сертификат |
Ұсыныс: Оқу бағдарламасының талаптарын орындап , жаңа заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыра отыра, сабақты тиімді жоспарлау
Саденов Оразхан Сеилханович көркем еңбек (ұлдар) пәні мұғалімі. Санаты: ІІ Білімі: жоғары, еңбекке оқыту және жалпы техникалық пәндер мұғалімі. Мамандығы: жалпытехникалық пәндер және еңбек. Педагогикалық еңбек өтілі: 19 жыл 4 ай. Аттестациядан өткен жылы: 2016 жыл «Оқу-тәрбие барысында жаңа технология әдістерін пайдалану» тақырыбында жұмыс жүргізеді. .«Қолөнер негіздері» бойынша өтетін сабақтарда профессор Ж.А.Қараевтың саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын және Ж.У.Кобдикованың әдістемелік нұсқауларын басшылыққа алып кеңінен қолданып отырады. Жыл бойы жоспарға сай ағашпен, металмен, табиғи материалдармен жұмыс жүргізу технологиясы оқытылып, сабақтарында оқушылар үздіксіз үйретіліп отырды.
Сабақ беретін сыныптары: 5-11
ӘБ-нің методикалық онкүндігінде Оразхан Сейлханович көркем еңбек пәнінен 6а сыныбында "Салфеткаға арналған тұғырық" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тақырып аясында қамтылатын ағашпен, темірмен, қолөнермен, жаңа заман материалдарымен сан түрлі өнер шыңдарына оқушыларды қызықтыра отырып жалпы өнерге үйретіп, оқушылардың білімін, шығармашылықтарын қалыптастыра білді. Көптеген жылдардағы сабақ беру тәжірибе негізінде қазіргі кезеңде оқушыларға көркем еңбек пәнінен білім берудің не екенін жақсы түсінеді. Қазіргі талап көркем еңбек пәні арқылы оқушыларға логикалық талдау және шығармашылық ойлау қабілеттерін, кеңістік бейнесін оның кескініне қарап анықтау, тиянақтылыққа , ұқыптылыққа, дербестікке тәрбиелейді және зерделейді.Қараша айында оқушылардың өздері жасаған қолөнер бұйымдарымен арнайы онлайн - көрме ұйымдастырды. Мұғалімнің жұмыс барысындағы басты міндеті: әрбір баланың бойындағы жақсы қабілетті аша отырып, қоғамға пайдалы, саналы азамат тәрбиелеу. Осы алдына қойған мақсатына жету үшін және оны шешу үшін, кез-келген сабақта: есте сақтау, ойлау немесе баланың іске икемділігін, іскерлік пен шеберлік қабілеттерін дамыту барысында, жаңашыл педагог В. Ф. Шатаповтың принциптерін, әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданады.
Мұғалімнің жұмысының нәтижесі: 2021 -2022 оқу жылы «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған курсын және «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға инклюзивті білім беру» «ПШО» курсын аяқтады.
2020 – 2021 оқу жылының жылдық қорытындысы бойынша, көркем еңбек пәнінің білім сапасының көрсеткіштері:
Сыныптар | Үлгерім (%) | Сапа (%) |
5 «а» сынып | 100 | 100 |
5 «ә» сынып | 100 | 100 |
6 «а» сынып | 100 | 100 |
6 «б» сынып | 100 | 100 |
7 «а» сынып | 100 | 100 |
7 «ә» сынып | 100 | 100 |
8 «а» сынып | 100 | 100 |
8 «ә» сынып | 100 | 100 |
9 «а» сынып | 100 | 100 |
10 «а» сынып | 100 | 100 |
10 «б» сынып | 100 | 100 |
11 «а» сынып | 100 | 100 |
Қорытынды | 100 | 100 |
Салыстырмалы талдау нәтижесі бойынша жалпы оқушылардың еңбекке деген қызығшылқтары, білім сапасы бір қалыпты, жақсы. Оқушылар ұйымшыл, білім-білік дағдылары бағдарламаға сай, пәндік материалдарды меңгерген. Жылдық білім сапасы 100 пайыз, Пән бойынша үлгермеушілер жоқ.
2022 – 2023 оқу жылына ұыныс:
1.Дарынды балаларды анықтау, олармен жұмыс жүргізу.
Масалимова Багдат Жанабаевна –көркем еңбек пәні мұғалімі (қыздар). Санаты жоқ. 5А, 5 ә, 6А, 7А, 7ә, 8А, 8ә, 9А, 10a, 11А сыныптарына сабақ береді. Мұғалімнің өзекті тақырыбы:«Оқушылардың шеберлігі мен шығармашылығын жетілдіріп дамытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану».
2021 -2022 оқу жылында Багдат Жанабаевна барлық мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысып отырды. Өткен оқу жылының ақпан айында 5-8 сынып оқушылар арасында онлайн - сүрет сайысын ұйымдастырды, Ақпан айының 14-19 күндері өткен ӘБ-нің онкундігінде 6а сыныбында «Идеялар құру» тақырыбында ашық сабақтарды өткізді. Мұғалім сабақ барысында көрнекіліктерді пайдаланып, жаңа тәсілдерді көрсете алды. Берілген тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды. Онлайн -сабақта ұйымдастырылған топтық жұмыс тиімді болып, оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.Тәрбиелік мақсаты сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асты.
Мұғалімнің жұмысының нәтижесі: 2021 -2022 оқу жылы «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған курсын және «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға инклюзивті білім беру» «ПШО», «Проектирование и реализация образовательного процесса» «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы курстарын аяқтады; «Менің
туған жерім» атты Республикалық байқауына оқушыларын қатыстырып, сертификатқа ие болды.
Салыстырмалы талдау нәтижесі бойынша жалпы оқушылардың еңбекке деген қызуғышылықтары бір қалыпты, жақсы.
Сынып оқушылары ұйымшыл, оқушылардың білім-білік дағдылары бағдарламаға сай, пәндік материалдарды менгерген. Жылдық білім сапасы 100%. Пән бойынша үлгермеушілер жоқ.
Жаңа оқу жылына ұсыныс:
1.қазіргі заманға сай ақпараттық технологияны, жеті модульды кеңінен пайдалану, көрнекілікті, кестелерді сабақтарда жиі қолдану
2.сабақтарын түрлендіріп жүргізу, оқушылардың қол өнер шеберлігіне қызығушылығын арттыру, дарынды оқушылармен жұмысты жандаңдыру.
Қорытынды: жалпы химия, биология пәні бойынша білім сапасы өткен оқу жылымен салыстырғанда біршама төмендеген. Жоғары мотивациясы бар балалармен сараланған жұмыстар және химия, биология пән мұғалімдерінің жеке жұмысы жоқ.
2022-2023 оқу жылына ұсыныс:
1.Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту
2.Білім сапасын арттыру мақсатында химия, биология сабақтарында және сабақтан тыс қызметте заманауи технологиялар мен электронды оқыту құралдарын пайдалану
3.Дарынды балалардың қабілеттерін дамыта отырып, оларды шығармашылық, ғылыми жұмыстарға одан әрі баулу