«Ұлағат» жас мамандар мектебінің 2019-2020 оқу жылы бойғы есебі
2019.22.05 күні «Ұлағат» жас мамандар мектебінің жыл бойғы есеп беру .
Есеп берудің мақсаты – жас мамандардың шығармашылық негіздерін арттыру, педагогикалық қызметке деген қызуғушылығына ықпал жасап, тәжірибе алмасуға әрекеттендіру; жас оқытушылар бойында құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
2019-2020 оқу жылы жас мамандар үшін нәтижелі, жемісті жыл болды. Жас ман Қысатай Алибек Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайтану» курсын оқытудың инновациялық жолдары» атты аудандық семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті. «Жүрегім жырмен тербелген» атты облыстық Фариза оқуларына қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталса, KIO.KZ Қазақстан әдебиеті пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиаданың жүлдегері ІІІ дәрежелі Дипломмен (№D-56572044) марапатталды. «Уақыт талабына сай жұмыс жасау-жетістік баспалдағы» тақырыбындағы жас мамандарға арналған аудандық семинарға қатысқаны үшін сертификат берілді. «Ustaz.tilegi» Республикалық ғылыми –әдістемелік сайытында Ашық сабақ «Жаһандау күрделі үдіріс» 9 сынып оқу әдістемелік материалды жариялағаны үшін сертификат берілді. Қазақ тілі және әдебиет мұғалімдеріне арналған «Құндылықтарға бағдарланған білім мен тәрбие (ұлы Абайдың 175 жылдығына орай)» республикалық семинардың қатысушысы Қысатай Алибек «Сертификат» Справка «Оценка уровня знания казахского языка КАЗТЕСТ» тәлімгері Сабиева Т.Н. Қысатай Алибектің оқушылары: Қазақ тілі пәнінен облыстық «Leader» конкурсында Жарқын Айдос, Ауғанбай Нұрбек, Жанкелд Жанерке, Ермек Бекарыс 2-орын.
Республикалық «Жыр алыбы-Жамбыл» жас ақындар айтысының облыстық кезеңіне оқушы дайындап, жетістікке жеткізгені үшін Серік Салтанат «Алғыс хат» берілді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы онлайн форматта 34 академиялық сағат көлеміндегі критериалды бағалау бойынша каникулдық мектепке қатысты (сертификат). Абай Құнанбайұлының175 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Абай оқулары-2020» байқауына шәкірттерін дайындап, рухани адамгершілік,ұлттық тұлға қалыптастыру жолындағы ерен еңбегі үшін Серік салтанатқа «Алғыс хат» берілді. Тәлімгері Бақыт Амангүл. Серік Салтанаттың оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айта кетсек: Республикалық «Жыл алыбы-Жамбыл» жас ақындар айтысының облыстықкезеңіне қатысқаны үшін «Бас жүлде» Диплом Бақытхан Мейрамбек, Адилов Айхат ІІ орын Диплом. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай мұрасы-адамзат қазынасы» атты оқушылар арасындағы аудандық көркем сөз байқауында жүлделі І орын алғаны үшін, «Қазақ тілі мен әдебиетінен» өткен облыстық олимпмадада ІІ орын алғаны үшін, Республикалық «Фариза оқулары» конкурсына қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін Нұрқуаныш Ажар марапатталды. «Ұстазым менің ұстазым» республикалық өнер және шығармашылық байқауына қатысып ІІ орын Қуанышбек Октабир «Дипломмен» марапатталды.
Ханафия Анар Назарбаев Зинеткерлік мектептері «ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы өткізген ШҚО облыстарының жетекші форумы», «Online мектеп» қашықтықтан өткізуді ұйымдастыру семинарларына қатысып, сертификаттарға ие болды. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология негіздері» Блиц-турнир І орын Дипломмен марапатталды.
Жас мамандар өздерінің тәлімгерлерімен бірге шығармашылық өнерлерін көрсетті. Әр маман өзінің жұмыс жүйесін, жұмыстағы табыстары мен қиындықтарын презентация арқылы баяндады. Әсіресе жас маманы Саденова Г.К. өзінің тәлімгері Данильченко О.И. бірге көрсеткен шығармашылық есеп көрерменнің көңілінен шықты. Олардың тұсау кесер презентациясында жас маманның бала кезінен бастап, осы күнге дейінгі маман болып қалыптасу жолдары айқын көрсетілді. Көрсетілім өте қызықты әрі жаңа серпінде болды.
Жас мамандарға болашақта жас өркен жастарға білім беру жолында талмай етулеріне ыстық лебіздер жолданып, Қысатай Алибекке «Жас маман мектебінің түлегі» -деген куәлік берілді.
Қазіргі таңдағы инновациялық технологиялар дамыған заман ағымында, әр жаңа бастаудың басында жастар тұратыныа күмәніміз жоқ, сондықтан да, келешек өмірімізде Қазақстанның көгінде көк байрақты желбірететін жастар екеніне зор сеніммен қараймыз.