04
қыркүйек
2024
Сіздің қолдауыңыз мектебіміз үшін өте құнды!!!

«Бозанбай орта мектебі» КММ –сінде 2024 жылы шілде айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде мектеп асханасы 2 қабаттан 1 қабатқа көшірілді. Жеке кәсіпкер Муканова Альмира асхананың ас дайындау бөлмесі мен тамақтану залына өз қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, асхана жабдықтарын алуға демеушілік көрсетті. Жөндеу жұмыстарын қоса алғанда барлығы 4 миллион теңге сомасы көлеміндегі қаражатқа ас дайындау бөлмесіне арналған үстелдер, стеллаждар, сөре-тоңазытқыш , үлкен электрлі пеш, желдету жабдықтары, тағы басқа да асхана жабдықтары алынды.
Көрсеткен демеушілік көмегі үшін жеке кәсіпкер А.Мұқановаға мектеп ұжымы және ата-аналар атынан алғысымызды білдіреміз. Сіздің қолдауыңыз мектебіміз үшін өте құнды.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------






