"Математика, физика және информатика" пәндер онкүндігі » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72338) 2-17-12
Бухгалтерия
+7(72338) 2-17-12
Версия для
слабовидящих
» » "Математика, физика және информатика" пәндер онкүндігі
19
желтоқсан
2020

"Математика, физика және информатика" пәндер онкүндігі

5-11 сыныптар арасында "Математика, физика және информатика" пәндер онкүндігі өткізілді.
Мазмұнды да әрі тартымды өткен онкүндіктің мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.

Математика пәні мұғалімі Сапаргалиева Г.М. 5ә сыныбында «Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу» атты ашық сабақ өткізді. Мұғалім оқушыларды сабаққа психологиялық жағдайға дайындауға көңіл бөлді. Сабақта технологиялық ақпараттарды, жаңа сабақты түсіндіру барысында мағынаны ажырату тиімді пайдаланылды. Жаңа тақырыпты оқушылар өз беттерімен меңгеруге тырысты, топпен жұмыс жасап, ережені тұжырымдап, есептердің шығарылуын тақтада көрсетті. Сабақта топтық, жұптық және жеке жұмыстар жүргізілді. Оқушылар топтық және жұптық жұмыс арқылы бір-біріне көмек көрсетті. Әр кезеңде мұғалім, оқушылар қалыптастыру бағалау жүргізіп отырды: басбармақ әдісі, шапалақ әдісі, смайлик арқылы . Сабақта оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез есептеуге және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеуге көп мән берілді. Сабақ соңында оқушылар қорытынды жасап, өз ойларын стикерге жазып білім ағашына ілді.

Шарипова Г. С. 7 «А» сыныпта «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқу мақсаттары: 7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;
7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;
7.2.1.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру;
Сабақтын басында жағымды ахуал қалыптастыру (бір- біріне жылы лебізді айту) сабаққа қызығушылдық туғызды .Музыка қосып оқушылар биге шақырылды. Музыка тоқтатылып екеуден бірігіп, қайтадан билеп үшеуден бірігіп, қайталап қосып төртеуден бірігіп осылайша жалғастырып бес оқушыдан шағын топтар бірігеді.
«Сәйкестіндіру» тапсырмасын орындау арқылы оқушылар қысқаша көбейту формулаларын еске түсірді, бір-бірін бағалау және мұғалімнің бағалауы жүргізілді.Келесі тапсырма «Қатені тап» деп аталды, себебі оқушы шығарылған есепте қысқаша көбейту формулаларын қолдануда қатені тузету арқылы өз білімін тексерді, өз-өзін бағалау жүргізілді және мұғалімнің бағалауы жүргізілді.Оқушылардың қысқаша көбейту формулаларын қолдануға әр топқа деңгейлік тапсырмалар берілді, А, В, С тобындағы есептер, әр топтағы оқушы өз есебінің шешімін тақтада көрсетті. Оқушылар белсенді қатысты.Оқушылар жұптық жұмыстар арқылы екеуара бірігіп , бір –біріне түсіндіре отырып , өздері де алған білімдерін пысықтап алуына мол мүмкіндік алды.Жұптық жұмыстарымен алмасып критерийлер бойынша бағалайды.
Сергіту сәтке «Неше үшбұрыш» логикалық есеп ұсынылды. Көпшілік оқушы онға жуық үшбұрышты тапты, бірақ барлық саны 28 болу керек , оны санау тәсілі видиофильм арқылы көрсетілді.
Рефлексия «Рефлексиялық нысанаға» стикер бекіту түрінде өтті.Көпшілік оқушы нысананың ортасына бекітті, сабаққа қойылған мақсаттарға мұғалім жетті,сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып сараланған. Әр жұмыстағы тапсырмалар біртіндеп күрделенеді. Топтық ,жұптық жұмыстарда қабілеті жоғары оқушылар көмек қажет ететін оқушыларға көмек ұйымдастырады, мұғалім бақылайды.

Физика пәнінен Боксенова Манат «Толқындық қозғалыс» деген тақырыпта 9 а сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді. Сабақта толқындық қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау, механикалық толқын түрін ажырату, толқындық қозғалысты сипаттайтын шамаларды, тәжірибе жасауда есептер шығаруда қолдану туралы оқушыларға көптеген түсініктер берді.
Сабаққа бірлестік мүшелері қатысып талдау жасады.
Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар берілді. Сабаққа белсенді қатысып, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағалады. Тапсырмаларды орындау кезінде құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлінді. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақталды. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мұғалім мақсатына жетті.

Математика және информатика пәндері мұғалімі Жубаниязова Н.К. математка, физика және информатика апталығында 9А сынып оқушыларымен информатика пәнінен «Екіөлшемді массив» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Мұғалім өз сабағында әртүрлі әдіс- тәсілдерді пайдалана білді. Сабақты сыныпта қалыпты атмосфера орнату үшін оқушылармен «Сен қайдасың» тренингінен бастады. Үйге берілген тапсырма «Миға шабуыл» әдісі бойынша сұралып, оқушылардың сабаққа дайындығы тексерілді.
Сабақ жаңа сабақты меңгеу болғандықтан, оқушылар топпен жұмыс жасап, жаңа сабақты өз беттерімен оқып, талдады және бір-біріне түсіндірді. Жаңа сабақты бекіту үшін әр оқушыға жеке тест тапсырмалары таратылды және топпен жұмыс жасауға «Кім жылдам есептейді» тапсырмалары берілді. Тақтада тапсырмалар дұрыс жауаптарымен салыстырылып, оқушылар өз-өздеріне бағалау жүргізді. Әрбір оқушы жаңа материалды жақсы меңгергендерін көрсетті.
Сабақ соңында «Бағалау парағы» бойнша әр топ басшылары оқушыларға алған бағаларын шығарды. «Бес саусақ» әдісін қолданып, топ мүшелері сабаққа рефлексия жасады.

Онкүндіктің екінші аптасында оқушылардың ой-өрісінің және белсенділігін дамытуда, білімдерін өмірде қолдана білу мақсатында интелектуалды ойындар, сайыстар өткізілді. Атап айтсақ «Білгірлер сайсы» 5 сыныптар, «Математикалық лабиринт» 7-8 сыныптар, «Лучший информатик» 6-сыныптар, «МИФ кафесі» 9-10 сыныптар арасында сыныптан тыс сайыстары қызықты да тартымды өтті.
Математика пәні мұғалімі Сапаргалиева Г.М. «Білгірлер бәйгесі» атты сыныптан тыс математикалық шараны 5 сынып оқушыларының арасында «Сұңқар» және «Ғарыш» тобы болып сайыс ретінде өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету; ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін, ұйымшылдық қабілеттін дамыту; оқушыларды ұйымшылдыққа, жодастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Топ мүшелерімен таныстыру, логикалық сұрақтар, ойымды жалғастыр, кім тапқыр-ребустар шешу, ойлан тап, кім жылда, қатесін тап. Әр кезеңде оқушылар белсенді қатысып, сайыстың соңында 1 орын Ғарыш тобы, 2 орын Сұңқар тобы иеленді.

Математика пәні мұғалімі Шарипова Г.С. 7-8 сынып оқушыларының арасында «Математикалық лабиринт» атты сыныптан тыс сайыс өткізді
Мақсаты:
.Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру
. Шапшаңдылық, тапқырлық, логикалық ойлау қабілеттері дамыту
. Түрлі есептер шығару арқылы жылдам есептеу дағдыларын арттыру.
Жалпы сабақ құрылымы оқушылар жасына сай болды. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін психологиялық дайындықтан бастады. Школьникам сайыс ережелері, бөлім атауларын айтылып, түсіндірді.1.Таныстыру 2. Білгіш болсаң, шешіп көр 3. Математикалық сұрақтар 4. Біліктілік сайысы 5. Сөз жұмбақ 6. Ойымды жалғастыр 7. Кроссвордтарды шешу 8. Қорытынды
Сайыс барысында оқушылар командаларын таныстыру, логикалық есептер, амалдармен орындалатын есептер, санды жұмбақтар, өлең есептер шешті. Санды мақалдардың жалғасын тапты. Сұрақтарға жауап берді.
Сайыс барысында барлық оқушылар белсендік танытты. Берілген тапсырмаларды аса тапқырлықпен, қызығушылықпен орындады.
Сабақтың соңында қортынды бойынша әр команда мүшелері сыйлықтармен марапатталды
Жалпы сабақ өз мақсатына жетті

Физика пәні мұғалімі Боксенова М.К. сыныптан тыс «МИФ кафесі» сайысы 9, 10 сыныптар арасындағы өткізді. Топтар арасында өткізілген интеллектуалды шоу болды. Сайыс таныстыру, логикалық сұрақтар, капитандар сайысы, әртүрлі танымдық ойындардан тұрды. Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы турлардан сүрінбей өтті. Екі топ та білімдерінің бірдей екенін көрсетті.

Математика және информатика пәндері мұғалімі Жубаниязова Н.К. математка, физика және информатика апталығында оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру барысында «Лучший информатик» атты сыныптан тыс сабағын өткізді. Сайысқа 6а және 6ә сынып оқушылары қатысты. Сабақта информатика пәніне байланысты сұрақтар және тапсырмалар беріліп, оқушылардың білім деңгейлері тексерілді. Және де әртүрлі логикалық, өмірге байланысты да тапсырмалар да орындалды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін сабақта мақал-мәтелдер, жұмбақтар және Абай атамыздың өлеңдерінен үзінділер қолданылды.
Сабақ оқушыларға ұнап, көрермендердің көңілінен шықты.

МИФ онкүндік аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс дамытуға, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.