Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтын Қазақстан халқына жолдауы » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72338) 2-17-12
Бухгалтерия
+7(72338) 2-17-12
Версия для
слабовидящих
» » Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтын Қазақстан халқына жолдауы
16
наурыз
2022

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтын Қазақстан халқына жолдауы

"Бозанбай орта мектебі" КММ-нің кітапханашысы Абсеитова Б.М., жас маман Қазықанов Д.Е.: "Президенттің Жолдауы әрбір азаматтың ерекше назарын аударды. Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы еліміздің әлеуметтік дамуына ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарын сақталуын халықымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға, басты назар аудару керектігін қадап айтты. Сондай-ақ халық бірлігін сақтау керек екендігін, экономикалық әлеуметтік дағдарысты қалпына түсіру керектігі де айтылды. Бүгінгі ел Президентінің Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертенгі күнгі бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардын дамуы ел тағдыры үшін маңызды. Жаңа жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.Жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіні анық. Соған ықпал жасап үлесімізді қоса білейік. Біз ұстаздар қауымы ұлт сапасын арттыруда жаңарған азамат тәрбиелеуіміз керек."