"ЖАС ҰЛАН -2022" турниры » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72338) 2-17-12
Бухгалтерия
+7(72338) 2-17-12
Версия для
слабовидящих
» » "ЖАС ҰЛАН -2022" турниры
13
қазан
2022

"ЖАС ҰЛАН -2022" турниры

«ЖАС ҰЛАН- 2022» турниры

2022 жылғы 13 қазанда "Бозанбай орта мектебінің" 100 жылдығын мерекелеу аясында "Жас Ұлан -2022"әскери-спорттық турнир  өтті. 

 Іс-шараның мақсаты: оқушылардың АӘТД  курсы бойынша білімдерін бекіту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды серіктестік рухында тәрбиелеу.

Жарысқа ауданның әскери-патриоттық клубтарының курсанттары қатысты. 

 Жарыстың жеңімпазы төрт түрі бойынша анықталды: ММГ АК-74 бөлшектеу және құрастыру, газқағар кию , кермеде  тартылу және гранатаны қашықтыққа лақтыру.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды .М. Ломоносов атындағы орта мектебінің  "Жас сарбаз"  ӘПК  (жетекшісі К. Кәрібаев), ІІ орын  Привольное орта мектебі мен Н.Лут  атындағы орта мектебінің курсанттарынан құралған "Жеңіс" ӘПК   командасы  (жетекшісі А. Ж. Жабықпаев), үшінші орынды Бозанбай орта мектебінің "Айбын" ӘПК  командасы (жетекшісі ЖуркабаевМ.Х) иеленді. 

 Турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері кубокпен, медальдармен, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.