Дарынды оқушы - ұлт болашағы" аудандық әдістемелік семинар » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72338) 2-17-12
Бухгалтерия
+7(72338) 2-17-12
Версия для
слабовидящих
» » Дарынды оқушы - ұлт болашағы" аудандық әдістемелік семинар
15
қаңтар
2020

Дарынды оқушы - ұлт болашағы" аудандық әдістемелік семинар

2020 жылдың 15 қаңтарында «Бозанбай орта мектебі» КММ-де «Дарынды оқушы-ұлт болашағы» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өткізілді.
     Семинардың мақсаты – дарынды балаларды айқындау және дамытудағы ғылыми әдістемелік қызметін ұйымдастыру жолдарын көрсету.
     Семинарға дарынды оқушыларды анықтау мен дамыту жұмысын үйлестіруші Ұлан ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Байжуманова Д.А, Ұлан ауданының білім бөлімінің әдіскері Нұрсұлтанова Н.Б және аудан мектептерінің ұстаздары қатысты.
        Іс-шара барысында «Бозанбай орта мектебі» КММ директоры А.К.Бухатова қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Семинар дарынды оқушылардың шағын музыкалық сәлемімен  жалғасын тапты. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Курмангалиева Куляш Каукеновна оқушылардың әр түрлі деңгейдегі интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстарға қатысу қорытындысы бойынша рейтингісімен семинарға қатысушыларды  таныстырды. Мектеп мұғалімдері Жексембинова Г.Б. және А.Бакыт дарынды оқушылармен ғылыми әдістемелік жұмыстар жүргізуде қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, коучинг өткізді.  
       Аудандық семинарға қатысушылар қазіргі кезеңде дарындылықты анықтау мен жетілдіруде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің өрісі кеңейгендігін «Дарындылық» шеберлік сыныбында көрсетіп, тәжірибе алмасты. Бірлескен жүйелі әрекеттің маңызды да белсенді сатысы болып  табылатынаудандық білім бөлімдерінің осы бағыттағы қарқынды жұмысы, жаңа жобалар жасау мен жүзеге асыру, жұмыс барысында дарынды балаларды анықтау мен жетілдіруде, жұмыс тиімділігі мен білім сапасын арттыруда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға басты назар аудару керектігі айтылды.
     Семинар қорытындысы бойынша мектептердің дарынды оқушыларды анықтау мен дамыту бойынша атқарылған жұмыстарына есеп беріліп, қатысушыларға сертификаттар табысталды. 
     Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін және әдістерін шеберлік сыныбында көрсетіп,  өз іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар Ұлан ауданының білім бөлімі басшысының грамотасымен марапатталды.
      Семинарға қатысушылардың пайымдауынша, дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жетілдіре отырып, олардың шыңдалуына кешенді және жүйелі жұмыстар атқаруларына семинарда алмасқан тәжірибелері үлкен көмек болмақ.

<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fbozanbai.school%2Fposts%2Fpfbid02gA6PRn6MsUuRPDZrFtDDMwGJdc6zVLTHydXsy5YpKNz9WnrxTzUH7JDtr5WmWVXil&show_text=true&width=500" width="500" height="819" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>