Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына қашықтықтан сынып сағаттары » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына қашықтықтан сынып сағаттары
08
мамыр
2021

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына қашықтықтан сынып сағаттары

Бозанбай орта мектебінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес қашықтықтан сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:
 Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлұмат беру.
 Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
 Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтар барысында қазақстандық жауынгерлердің көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы туралы баяндалды. Қазақстандықтардың жаудың бетін қайтаруға қосқан үлесі ескеріліп, ерекше батылдық танытқан батырлар дәріптелді. Соғыс жайлы жалпы статистикалық мәліметтер берілді.
Соғыс жайында кітаптан оқып, фильмдер көріп өскен ұрпақтың ата-бабалар рухына айтар алғысы шексіз!
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

!]My Webpage