Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама
24
қазан
2024

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 

қорытындысы бойынша талдамалық анықтама


«18» қазан 2024 жыл                                                                Бозанбай ауылы


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі басшысының 2024 жылғы 02 қазандағы № 2/38а бұйрығы негізінде ««Бозанбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Мектеп) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша келесі құрамда жұмыс тобы құрылды:            

1) Боксенова Манат Каукеновна  –Директордың оқу ісінің орынбасары,  жұмыс тобының жетекшісі;

2) Ашимжанов Нурболат Амангелдинович – кәсіподақ төрағасы, жұмыс тобының мүшесі;

3) Бакешов Тайр Райханович- директордың АШЖ орынбасары, жұмыс тобының мүшесі;

4)Тойбазарова Гульнар Айсабековна- есепші, жұмыс тобының мүшесі;

5) Искакова Азиза Каирхановна –іс-қағаз жүргізуші, жұмыс тобының  хатшысы.

Бөлімнің қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:  2024 жылғы 03 қазанда басталып, 2024 жылғы 17 қазанда аяқталды. 

Бақылау кезеңі: 2023 жылғы 03 қазаннан 2024 жылғы 01 қазанға дейін

Мектеп 26.01.2021 ж № KZ91LAА21002387 лицензия негізінде жұмыс істейді. 

Бозанбай орта мектебінде  штаттық кестеге сәйкес мектеп  қызметкерлердің  79  бірлігі қарастырылған, 2024  жылғы  қазан  айында 

нақты саны –77, оның ішіді 3-і  сыртқы қоса атқарушы. Вакант – 2 бірлік.

Барлық педагогикалық  қызметкерлер (46 мұғалім, оның 3-уі бала күтіміне байланысты демалыста) педагогикалық қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келеді. Барлығының   педагогикалық білімі бар. Жоғары білімді-39, орта арнайы - 7 педагог.  Қамту қызметкерлерінің саны 31 (оның 2-уі бала күтіміне байланысты демалыста).

Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін  тәртіптік жазаға тартылды - 1.   Еңбек тәртібін, сондай-ақ еңбек тәртібін қайталап сақтамау фактілері орын алған жоқ. 

Жағымсыз себептермен жұмыстан  босатылғандар жоқ. 

Өз еркінмен қызметтен  шыққан – 18,  қабылданған   қызметкерлер – 16

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарына бару мерзімі мен өткізу тәртібі сақталуда. Біліктілігін арттыру курсынан   инклюзивті оқытудың ерекшеліктері бойынша 2 мұғалім,   менеджмент - 4 , сынып жетекшілерге арналған курстан және қайта даярлау курсынан - 1, математика-информатика пәні - 3,  қазақ тілі – 2, бастауыш сынып -7, жаһандық құзыреттілік – 2, физика – 2, музыка – 1, география – 1, көркем еңбек – 1, химия-1,  орыс тілі – 3 мұғалім  өтті. Барлығы 30 мұғалім  курстан өтті. 

Бөлімнің аттестаттау комиссиясының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі-қағидалар) және  Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына өзгерістер қаралды. 

Көрсетілген қағидаларға сәйкес білім бөлімі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдарды аттестаттаудан өткізеді.

Бұйрыққа сәйкес  7 үміткер педагогтар білім бөліміне өтініш береді.

7 педагог құжаттарды электрондық портфолио порталы арқылы тапсырды. Аттестаттау кезінде педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары басшылыққа алынды. Аттестаттау қорытындысы бойынша 3 педагогқа педагог-модератор біліктілік санаты берілді, 1 педагогқа педагог-сарапшы біліктілік санаты берілді, 1 педагогқа педагог-зерттеуші біліктілік санаты берілді, 2 педагогқа педагог-модератор біліктілік санаты берілмеді, себебі олар педагогтердің білімін бағалаудан өтпеді.

Қазіргі уақытта мектеп бойынша жоғарыда аталған рәсімде тәуекелдер жоқ, өйткені "E-portfolio"ақпараттық жүйесі енгізілді.

Бақыланатын кезеңде «Hr-nobd.edu.kz» мұғалімдерді іріктеу платформасы арқылы 10 хабарландыру жарияланды. Байқау комиссиясы 5 конкурсты қарап, жарамды деп таныды, 5 конкурс өтпеді деп танылды, оның ішінде 2 конкурс мұғалімдердің бас тартуына байланысты, 3 конкурсты конкурстық комиссия мұғалімдердің портфолиосының болмауына байланысты жарамсыз деп таныды. 

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары 3 жылда 1 рет аттестаттаудан өтеді.

Байқалған кезеңде 1 білім беру ұйымының басшысы кезекті аттестаттаудан өтуге өтініш берді. Қорытындысы бойынша 1 білім беру ұйымының басшысы екінші санатты басшы біліктілік санатына аттестатталды, 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды.

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тегін ыстық тамақпен 193 оқушы  қамтылды. 

Мектеп жанындағы   лагерьде демалғандар саны -30, «Болашақ» жазғы сауқтыру  лагері – 20 бала.

2024 жылғы 1 қыркүйекте 1-сыныпқа жаңадан келетін  оқушыларды қабылдауға ата-аналардан E-GOV мемлекеттік порталы арқылы электрондық құжаттарды қабылдауға 43 өтініш түсті және қабылданды. 

Негізгі орта білім туралы 20 аттестат, орта білім туралы 17 аттестат  берілді. Дубликат беру - 6.

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар бойынша «сенім жәшігі» орналастырылған. «Сенім жәшігіне» түскен өтініштер болған жоқ. 

Мектеп бухгалтерімен (тікелей келіссөздер арқылы бір көзден алу тәсілімен -8, ашық конкурспен-7,  бағалы ұсыныспен -26, сәтсіз - 18)  жалпы барлығы порталды 59 мемлекеттік сатып алу  келісімшарты жасалынды. 

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген және "Бозанбай орта мектебі" КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді, байқалған кезеңде – қызметтердің 6 түрі көрсетілді.

Арнайы  құрылған жұмыс тобы 2 рет мектепке оқушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдау бұйрықтары мен өтініштерін, тамақтану бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және оқушылар мен қызметкерлердің жеке бас құжаттарына тексеру жүргізіп, анықтама жазды. 

Заңсыз ақша жинау және ауданның білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі әрекетін жою мақсатында заңсыз түрде ақша жинау фактілерін болдырмау бойынша жоспарға сай (сурет, шығарма байқаулары, тақырыптық сынып сағаттары, құқықтық оқулар, көрме т,б) әртүрлі іс-шаралар жүргізіледі. Оқушылардың   «Адалдық клубы»  жүйелі жұмыс жүргізеді.  Мектеп дәлізінде «Ашық мектеп-ашық бюджет» тақырыптық стенді жабдықталған