19
қазан
2022
"Айбын" ӘПК курсанты- қыздар арасында турнир
2022 жылдың 19 қазанында Бозанбай орта мектебінің 100 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың 100 жылдығына арналған "Айбын" ӘПК курсанты- қыздар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша мектепішілік турнир өтті.
Турнир төрт түрі бойынша өтті: АК-74 бөлшектеу және құрастыру, денені көтеру, пневматикалық мылтықтан ату және доп лақтыру (150 гр).
Турнир қорытындысы бойынша: І- орынды Шәризат Жұпар, ІІ- орынды Шайхова Адема, 3 орынды Назкейкызы Ақбота иеленді.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және грамоталармен марапатталды. Турнирді АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы М. Х. Журкабаев ұйымдастырды және өткізді.