Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің жылдық есебі
Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы білім
басқармасыныңҰлан ауданы бойынша білім бөлімі
«Бозанбай орта мектебі» КММ
Ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің
жылдық есеп беруі
2020-2021 оқу жылы
Ағылшын тілінен әдістеме бірлестігінің жылдық есебі.
2021-2022 оқу жылы.
Әдістемелік бірлестіктің өзекті тақырыбы: Ағылшын тілі пәні бойынша инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың инеллектуалды білім , біліктігін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Бірлестік жұмысының мақсаты: дарынды балалардың қабілеттерін дамыта отырып, оларды шығармашылық, ғылыми жұмыстарға одан әрі баулу
ӘБ міндеттері:
- оқытудың үздіксіз сапасын дамытуды қамтамасыз ету;
- оқушылардың жоба, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау, оқушыларды олимпиадаға, конференцияға дайындау, қатыстыру;
- мұғалімдерге тәжірибелік-іздену және ғылыми зерттеу жұмыстарының әдіснамасын оқыту;
- озат мұғалімдердің тәжірибесін үйрену, талдау, тарату, жинақтау мақсатында басқа білім беру мекемелерімен шығармашылық байланыс орнату;
- бірлестіктің бейінділігіне сәйкес қажетті теориялық мәселемен, оқытудың пән бойынша сапасын арттыру міндеттері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарына мұғалімдерді қатыстыру;
- ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқауды және өткізу нәтижесін талдау, зерттеу нәтижесін практикаға енгізуге қатысу;
- дарынды балаларды оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыптық жоспардың талдамасын жасау;
- мұғалімдердің аттестацияға дайындалуына әдістемелік көмек көрсету;
- жас мамандарға педагогикалық шеберлікті меңгеру тәсілдерінен кеңес-көмек беру;
- химия, биология пәндері бойынша арнайы курстар, апталықтар, пәндер байланысы тоғысқан мектепішілік өткізілетін жоспарланған сабақтар өткізу.
Осы алдымызға қойған мақсатқа жету жолында ӘБ бірлестік мүшелері әртүрлі бағыттарда жұмыс жасады. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес болды.
Әдістеме бірлестігінің жоспары бойынша жыл көлемінде әдістеме бірлестігінің отырыстары өтті.Ағылшын тілінен алынған тестілеу және бақылау жұмыстарының қорытындысы талқыланды. Үлгерімі төмен оқушылармен өткізілетін жұмыстардың, жұмыс дәптерлерін БЖБ, ТЖБ тексеру қорытындысы жасалды. Оқу бағдарламаларының орындалуы туралы айтылды.
Ағылшын тілінен 3 мұғалім жұмыс атқаруда, 1-педагог - зерттеуші, 1-педагог-сарапшы, 1- санатсыз.
Мұғалімдердің өзекті тақырыптары.
- Курмангалиева К.К-3-10 сынып «Оқушылардың ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын дамыту»
- Айтказина А.Е- 1- 9 сынып «Развитие познавательной деятельности учащихся на уроках английского языка.»
- Калымова Г.М- 9-11 сынып «Оқушылардың ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын дамыту»
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде 2021-2022 оқу жылына арналған Әдістемелік –нұсқау хатты, сонымен бірге «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алып жұмыс жасалды. Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары бойынша мұғалімдер мерзімінде білім арттыру және білім жетілдіру курстарынан Шығыс Қазақстан облыстық «Өрлеу» АҚ педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында, ШҚО Педагогикалық шеберлік орталықтарыннан өтіп тұрды. Ұстаздар сайыстарда, форумдарда, педагогикалық қызмет бағыты бойынша көрмелерге, аудандық және қашықтық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Оқу жылының қорытындысы бойынша ағылшын тілінен:
барлық оқитын оқушылар саны- 256
«3» -73
«4» -117
«5»-66
Үлгерім - 100%
Білім сапасы -71%
Калымова Г.М педагог – сарапшы біліктілік санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 23 жыл, аттестациядан өткен жылы – 2020 жыл. Мұғалім 1-11сыныптарға сабақ берді. Өз іс-тәжірибесінде ақпараттық, СТО технологияларының элеметтерін жүйелі түрде қолданады. 2019 ж Young Learners атты курс өтті. Мұғалім Ағылшын тілі пәні бірлестігінің жетекшісі.
Оқушылардың білім сапасының динамикасы.
сыныптар | 2018 - 2019 | сыныптар | 2019-2020 | Сыныптар | 2020-2021 |
2а | 68 | 3а | 55 | 1ә | 72 |
6а | 50 | 7а | 55 | 2ә | 60 |
8а | 53 | 9а | 83 | 3а | 70 |
9а | 60 | 9а | 60 | 3ә | 73 |
11ә | 50 | 4а | 61 | ||
10а | 47 | 11а | 65 | 5ә | 60 |
7а | 30 | 5а | 54 | 6ә | 58 |
6а | 40 | 8а | 77 | ||
8а | 30 | 10а | 66 | ||
2020-2021 оқу жылында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары төмендегідей мақсаттарда сабақтарға қатысты.
1. Оқу бағдарламасымен, осы сабақтың нақты материалдарымен, сабақты өткізу әдістерімен (оқулыққа, әдістемелік құралдарға, білім беру органдарының нұсқауларына, т.б. сүйеніп) танысу.
2 . Оқу материалының ерекшелігін ескере отырып, сабаққа қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дұрыс-бұрыстығына, осы сабақтың тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі орнына, сыныптың дайындығына баға беру. Сабақ идеясының қойылуы мен оқушы санасына жеткізе алуы. Сабақ мақсатына жету деңгейі.
3. Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын анықтау, білім сапасын анықтау;
4.Бағдарламаның 7 модуль идеяларын сабақта тиімді қолдану жолдары;
5.Мұғалімнің жаңа ақпараттық технологияны, интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу іскерлігімен танысу;
6. Деңгейлік бағдарламаның күтілетін нәтижелер оқушылардың ағылшын тілі сабағында қалай оқу керектігін үйренуі, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған оқушы ретінде қалыптасуын бақылау;
Сабақтарында жаңашыл оқу әдісі «Деңгейлік бағдарлама ( III базалық деңгей) сындарлы оқыту теориясын негізге алады.Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, ағылшын тілі сабағында бірлесіп үйренуге мүмкіндік берді. Жаңа ақпараттық технологиялар, сын тұрғысынан ойлану, ойын технологиясын сабақтарында тиімді қолданады. Бағдарламаның жеті модулін сабақта ықпалдастыра отырып, соның ішінде АКТ Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып оның мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға үлкен мән береді.Сонымен қатар АКТ арқылы оқушылар ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың тілді игерудегі қызығушылығын ояту мақсатында, оқытудың мотиві-бағалау арқылы, сондай-ақ жетістіктеріне аса мән бере отырып, қолдау көрсете мадақтап отырады. Мұғалім деңгейлеп оқыту арқылы әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді; Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.Үлгерімі төмен оқушы және де дарынды оқушылармен жұмыс істеуге осы технологияның маңызы зор деп санаймын.Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізілді жоспарланған жоспар бойынша,бекітілген кесте бойынша.
Қабілетті балалардың жетістіктері жөнінде мониторинг жасалған және де оқушының ерекше қабілетін ашу үшін психологиялық диагностика жүргізілген. «Leader» нәтижесінде дарынды оқушылары жүлделі орындарға ие болды.Өзіндік білімін көтеру бойынша жоспарым бар. Іс-тәжірибе алмасу мақсатында пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып отырамын. Бірлестіктегі жас мамандарға үнемі көмек көрсетіп отырады, бірнеше ашық сабақтар көрсетті.Осы келген жыл ішінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отырған мұғалімдерге арналған олимпиадаға қатысқаным үшін 3 дәрежелі дипломмен марапатталдым. (Астана қаласы 2018 ж).
Дарынды оқушыларды анықтау жұмысын оқу жылының басында ағылшын тілі пәніне қызығушылықтары жоғары оқушыларға түрлі тестік жұмыстар жүргізілді. Жыл көлемінде осы оқушылармен жоспарлы түрде қосымша жұмыстар жүргізілді.Сабақ барысында жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып дарынды оқушыларды анықталды, олардың ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілді.Оқушылардың оқу – танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында ғаламтор материалдары кең түрде қолданылып, әр оқушының жетістіктері сараланып, мониторинг жасалды.Осы оқушылар республикалық, облыстық, мектепішілік олимпиадаға қатысып жүлделі орындарды иеленді.
Оқушылардың аты жөні | Қатысқан іс шаралар | Нәтижесі |
Тулебаев Олжас | Облыстық Лидер конкурсы | 2 орын |
Ермеккалиева С | Республикалық КИО олимпиадасы | Сертификат |
Ермеккалиева А | Республикалық КИО олимпиадасы | Сертификат |
Асқат Диана | Республикалық КИО олимпиадасы | Сертификат |
Мухамедшариф Нурали | Республикалық КИО олимпиадасы | Сертификат |
Баиркенова Жанель | Республикалық КИО олимпиадасы | Сертификат |
Ерболқызы Толғанай | Облыстық Лидер конкурсы | 1 орын |
Бекболатұлы Тахир | Облыстық Лидер Конкурсы | 1 орын |
Аскаров Нұртөре | Облыстық Лидер конкурсы | 2 орын |
Багланова Алима | Облыстық Лидер конкурсы | 2 орын |
Кайырханова Нұрай | Облыстық Лидер конкурсы | 2 орын |
Тулебаев Олжас | Облыстық Лидер конкурсы | 3 орын |
Қорытынды: Сабақ барысында жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, дарынды оқушылармен жұмысты, олардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге Республикалық, облыстық, қалалық сайыс, олимпиада, ғылыми жұмыстарды одан әрі жетілдіру.
Үйірмеге оқушыларды тартып, қызығушылықтарын ояту арқылы жұмыстарының жетістіктерін сайыстарда көрсету.
6. Мұғалімнің тақырыптық -күнтізбелік жоспарлары «ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығына сай жасалған, ҚР жалпыға міндетті білім беру стандартын» басшылыққа ала отырып құрылған.Сабақ жоспарлары әрбір сынып бойынша жинақталған.
2020-2021 оқу жылы бойынша толық орындалды. Пән бойынша бақылау жұмыстары директордың оқу жөніндегі орынбасары тексеріп, мектеп директорымен бекітілген кестеге сай алынды. Вариативті сабақтар өткізілген және журналға жазылған, бағдарлама орындалған.
Қорытынды: Мұғалімнің 2021 -2022 оқу жылына қойған мақсат,міндеттері және сабақ беретін сыныптарындағы бағдарлама толық орындалды. Тақырыптық күнтізбелік жоспар талапқа сай жасалған, сабақ беретін сыныптарындағы сынып журналдары ұқыпты толтырылған. Жыл көлемінде алынған бақылау жұмыстары жүйелені, жинақталған және қатемен жұмыстар жасалып, әр оқушыға қорытынды, ұсыныстары жазылған.
Ұсыныс:
- Пән мұғалімі ретінде өзіндік білім көтеру мақсатында арнайы курстардан білім жетілдіру, тәжірибесі мол ұстаздардың сабақтарына қатысу;
- Оқушыларды өз пәніне қызықтыру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды одан әрі жалғастыру;
.- Жеке, жұптық, топтық жұмыстың басқа да интербелсенді әдіс-тәсілдердің түрлерін ойластыру;
- Ауызша және жазбаша дағдыларын жақсарту жұмыстарын жалғастыру.
Келесі оқу жылында дарынды және нашар үлгерушілермен жекелей жұмыстарды жетілдіре отырып білім сапасын көтеру қажет.
- Оқушыларды халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық ғылыми-жобалар, сайыстарына белсене қатыстырып, дарынды оқушы санын көбейту;
Курмангалиева Куляш Каукеновна педагог- зерттеуші біліктілік санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 30 жыл, аттестациядан өткен жылы – 2019 жыл, білім жетілдіру курсынан өтілген мерзімі - 2019 жыл. Мұғалім 3, 6, 7, 8, 10 сыныптарына сабақ берді. Өз іс – тәжірибесінде ақпараттық технология, СТО технологияларының элеметтерін жүйелі түрде қолданады. Мұғалімнің өзекті тақырыбы «Оқушылардың ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын дамыту».
Оқушылардың білім сапасының динамикасы
сынып | 2016-2017 оқу жылында білім сапасы | сынып | 2017-2018 оқу жылы, білім сапасы | сынып | 2018-2019 оқу жылында білім сапасы | сынып | 2019-2020 оқу жылы, білім сапасы | сынып | 2020-2021 оқу жылы, білім сапасы | динамика |
1а | 81% | |||||||||
1а | 80% | 2а | 77% | 3а | 80% | +3 | ||||
5а | 59% | 6а | 63% | +4 | ||||||
6а | 71% | 7а | 77% | +6 | ||||||
4а | 58% | 5а | 67% | 6а | 72% | 7а | 61% | 8а | 57% | -4 |
6а | 54% | 7а | 55% | 8а | 63% | 9а | 50% | 10а | 44% | -6 |
9а | 50% | 9а | 38% | |||||||
10а | 46% | 11а | 64% | 10а | 66% | 11а | 76% | |||
11а | 66% |
Барлық ағылшын тілін оқитын оқушылар саны- 74
«3» -26
«4» -39
«5»-5
Үлгерім - 100%
Білім сапасы -65%
Білім сапасының 5 жылдық мониторингі
2016-2017 о. ж. | 2017-2018 о. ж. | 2017-2018 о. ж. | 2019-2020 о.ж. | 2020-2021 о.ж. | |
Үлгерім | 100% | 100% | 100% | 100% | 100% |
Білім сапасы | 56% | 62% | 63% | 68% | 65% |
Сыныптан –сыныпқа көшу және мемлекеттік емтихандардың салыстырмалы көрсеткіші
Оқу жылы | Сыныбы | Оқушылар саны | «5» | «4» | «3» | «2» | Үлгерімі | Білім сапасы |
2016-2017 | 9а | 1 | 100% | 100% | ||||
2017-2018 | 11а | 1 | 1 | 100% | 100% |
Ағылшын тілі пәнінен 2009-2018 жылдардағы ҰБТ-ның орташа балы
Ағылшын тілі пәнін 2014-2015 оқу жылы 1 оқушы таңдады, жалпы ұпайы 24, білім сапасы 100%. «Алтын белгіге» үміткер Толықбаева Аяужан ағылшын тілінен бестік бағасын қорғады, 2017-2018 оқу жылы ағылшын тілі пәнін Нұржанова Алтынай таңдады, жалпы ұпайы 31 балл.
Оқушылардың жетістігі
Оқушылардың аты-жөні | Қатысқан іс- шаралары, дәрежесі | Нәтижесі |
2017-2018 оқу жылы | ||
Сабиолла Риза | Республикалық «Өнеге» интеллектуалды білім порталының «Ғылыми жоба» байқауы | 3 орын |
Берікбол Мұхамеджан | Халықаралық «British bulldog» байқауы | 3 орын |
Сабиолла Риза | Халықаралық «British bulldog» байқауы | 3 орын |
Толықбаева Ақерке | Халықаралық «British bulldog» байқауы | 2 орын |
Сейташимов Ералы | Халықаралық «British bulldog» байқауы | 2 орын |
Сабиолла Риза | Республикалық Ұлттық Олимпиада | 2 орын |
Әділбек Кәусар | Республикалық Ұлттық Олимпиада | 2 орын |
2018-2019 оқу жылы | ||
Сабиолла Риза | Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушы –экологтар мен натуралистердің аудандық форумы | 1 орын |
Сабиолла Риза | «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық форумы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушы –экологтар мен натуралистердің | 1 орын |
Шәризат Шуақ | Аудандық пәндік олимпиада, ағылшын тілі | 3 орын |
Сабиолла Риза | «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушы –экологтар мен натуралистердің республикалық форумы | сертификат |
Народ Бота | Облыстық “Leader” конкурсы | сертификат |
Қосылбек Аяжан | Облыстық “Leader” конкурсы | сертификат |
Сейташимов Ералы | Облыстық “Leader” конкурсы | сертификат |
Серікбек Нурила | Облыстық “Leader” конкурсы | сертификат |
Ауғанбай Жәнібек | Облыстық “Leader” конкурсы | сертификат |
Сәбиолла Риза | Облыстық “Leader” конкурсы | сертификат |
Шаризат Шуақ | Облыстық “Leader” конкурсы | сертификат |
Шаризат Шуақ | Облыстық «Discover Kazakhstan» шығарма байқауы «My wonderful Kazakhstan» | |
Бауржанова Алуа | Республикалық қашықтық НИО олимпиадасы | 3 орын |
2019-2020 оқу жылы | ||
Сейташимов Ералы | Республикалық интернет олимпиада | 2 орын |
Толықбаева Ақерке | Республикалық интернет олимпиада | 1 орын |
Ғалымбай Оңалбай | Республикалық интернет олимпиада | 1 орын |
Бошан Нұрай | Республикалық интернет олимпиада | 1 орын |
Кауая Гаухар | Халықаралық «Бритиш бульдог» байқауы | 3 орын |
Гіміңхан Гілнара | Халықаралық «Бритиш бульдог» байқауы | сертификат |
Мәриденқызы Дана | Халықаралық «Бритиш бульдог» байқауы | сертификат |
Нурушева Аружан | Iqanat олимпиадасында ағылшын тілінен 1 кезеңі | өтті |
Толыкбаева Ақерке | Аудандық Bilgen олимпиадасы,ағылшын тілі | 3 орын |
Сабиолла Риза | Аудандық Bilgen олимпиадасы,ағылшын тілі | 3 орын |
Нурушева Аружан | Аудандық Bilgen олимпиадасы,ағылшын тілі | 3 орын |
Мұратханов Алихан | Облыстық «Leader» конкурсы, ағылшын тілі | 1 орын |
Мариденқызы Дана | Облыстық «Leader» конкурсы, ағылшынтілі | 2 орын |
Муратханов Алихан | Республикалық “I love spring” байқауы | |
Асқаров Нұртөре | Республикалық “I love spring” байқауы | |
Тулегенова Гулзана | Республикалық “I love spring” байқауы | 3 орын |
Толықбаева Ақерке | Облыстық Bilgen Аламан олимпиадасы, ағылшын тілі | 1 орын |
Нурушева Аружан | Iqanat олимпиадасында ағылшын тілінен 2 кезеңі | өтті |
2020-2021 оқу жылы | ||
Асқаров Нұртөре | «Ғаламшарды бірге сақтаймыз» республикалық байқауы | 1 орын |
Тулегенова Г. | Республикалық олимпиада КИО | сертификат |
Мадениетов Ерзат | Республикалық олимпиада КИО | сертификат |
Шакирова Арай | Республикалық олимпиада КИО | сертификат |
Толықбаева Ақерке | Республикалық олимпиада КИО | сертификат |
Турарова Аянат | Республикалық олимпиада КИО | сертификат |
Мадениетов Ерзат | Аудандық олимпиада 5-6 сыныптар | 1 орын |
Асқат Айдана | Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы | 1 орын |
Кусманова Ясмина | Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы | 1 орын |
Муратханов Алихан | Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы | 1 орын |
Шаризат Ақжол | Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы | 1 орын |
Медетұлы Жанасат | Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы | 2 орын |
Мәдениетов Ерзат | Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы | 1 орын |
Кауая Гаухар | Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы | 1 орын |
Гіміңхан Гілнара | Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы | 1 орын |
Мәриденқызы Дана | Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы | 1 орын |
Серікбек Нурила | Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы | 3 орын |
Мұғалім жұмысының нәтижесі
2017-2018 оқу жылы | ||
Тақырыбы | Қандай үлгіде, нәтижесі | Қай жерде, дәрежесі |
1.Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту 2. Extra reading “Sporting success” 3. Extra reading “Sporting success” 4. Республикалық «Алтын ұя мектебім» 5. «Жобалау технологиясы негізінде «Кіші Отанымызды» зерттеу» тақырыбында шебер сынып | 1.Әдістемелік құрал шығарды 2. Ашық сабақ жоспары жарияланды 3. Ашық сабақ жоспары жарияланды 4.Алғыс хат 5.Грамота | 2.Multiurok.ru сайты 3.Ustaz tilegi.kz Республикалық ұстаздар сайты 4. Цифрлық Қазақстан» жобасының аясындағы Республикалық байқау 5. Облыстық «Партнерский проект«Экология –Государство – НПО-СМИ- 2018» атты ғылыми – практикалық семинар |
2018-2019 оқу жылы | ||
«Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» | Әдістемелік құрал | Ustaz tilegi.kz Республикалық ұстаздар сайты |
Республикалық эссе жазу байқауының облыстық кезеңі | 2 орын | «Эссе» білім орталығы |
Республикалық эссе жазу байқауы | сертификат | «Эссе» білім орталығы |
Республикалық қашықтық олимпиада | сертификат | КИО |
Республикалық қашықтық олимпиада | аудан бойынша 1 орын, облыс бойынша 2 орын | КИО |
2019 -2020 оқу жылы | ||
The plural form of Nouns | сабақ жоспары | «Ust kz» сайты |
How was your weekend? | сабақ жоспары | «Ust kz» сайты |
Unit 6. Travel and holiday | презентация | Uchitelya.kz сайты |
«Ең үздік эссе» Республикалық байқау «Teacher - the great profession» | 1 орын | «Ust kz» сайты |
Білім беру үдерісіндегі заманауи әдістер мен технологиялар | баяндама | «ХХІ ғасырдағы білім мен оқыту үдерісінің ерекшеліктері» републикалық ғылыми- тәжірибелік семинар материалдары |
Республикалық қашықтық олимпиада | 2 орын | «Ust tilegi» сайты |
Республикалық қашықтық олимпиада | 2 орын | «KKO.kz» сайты |
«Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау және бағалау құралдарын ұйымдастыру» | Облыстық семинар | |
Дарынды оқушы – ұлт болашағы» аудандық әдістемелік семинар | аудандық әдістемелік семинар | Алғыс хат |
2020 -2021 оқу жылы | ||
Кәсіптік білім берудің дуалдық жүйесі» және «Білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар» | сертификат , алғыс хат | Халықаралық ғылыми – практикалық конференция |
Бозанбай орта мектебі мұғалімдері туралы | Баяндама, диплом | Республикалық педагогикалық ғылыми –әдістемелік журнал «Білім әлемі» |
Республикалық қашықтық олимпиада | сертификат | КИО |
Республикалық олимпиадаcы | сертификат | “Daryn online” |
Республикалық қашықтық олимпиада | Аудан бойынша 2 орын | КИО |
Куляш Каукеновна 21-30 қыркүйек аралығында өткен ағылшын тілі бірлестігінің «Learn English» атты ағылшын тілі онкүндігінде 7а сыныбында «Hobbies in Kazakhstan» атты ашық сабақ өткізді. Тақырып бойынша жаңа сабақ болды. Сабақ Zoom платформасы арқылы өткізілді. Таңбалау тапсырмасы бойынша оқушылар берілген он бес суреттерге Қазақстандағы хоббилерге байланысты сөздерді жазып, төрт бағанаға бөліп жазды. Жұмысты орындау барысында оқушылар бір- бірімен ақылдасып, бір- бірлеріне көмектесті. (футбол ойнау, велосипед тебу, кино көру, сурет салу, музыка тыңдау,билеу...). Оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым – қатынас орнады.Оқушылар суреттерге, тапсырмаларға қарап сабақтың мақсатын анықтады.Тыңдалым бойынша оқушылар «My hobby is reading» мәтіні тыңдап шын, жалған тапсырмасын орындады. Екінші тапсырмада оқушылар сөздерді дұрыстап тыңдап, берілген сөздерден дұрыс сөйлемдерді құрады.Үшінші тапсырмада оқушыларың сөйлеу тілдерін дамыту мақсатында сандар жазылған кубик берілді. Олар сандар жазылған кубиктен сандарды таңдап, сол сандар бойынша Қазақстандағы хоббилерге байланысты сұрақтарға жауап беріп, хоббилер туралы әңгімеледі. Рефлексияда «Ирландия» технологиясы қолданылды, слайдта әр – түрлі аралдар берілді, оқушылар сол аралдардың біреуін таңдау керек.Оқушылар слайдтаға қуаныш, меланхолия абыржушылық мазасыздық, күту, шабыт рахат, түсініксіздік ... сияқты аралдардың біреуін өз көңіл күйіне байланысты таңдады. Сабақты қорытындылайтын болсақ, сабақ қызықты өтті, себебі оқушылар өте белсенді қатысып отырды. Сұрақтарға нақты жауаптар берді. Жоспарланған сабақ кезеңдері толығымен қамтылды. Сабақ соңында рефлексия жүргізілді. Мұғалім сабақта алдына қойған мақсатына жетті. Мұғалімнің оқушылары аудандық пәндік олимпиадаға, облыстық, республикалық байқауларға белсене қатысты: республикалық «Ғаламшарды бірге сақтаймыз» байқауы Асқаров Нұртөре 1 орын, республикалық интернет олимпиадаға қатысқан 6-8 сынып оқушылары Тулегенова Гульзана, Мадениетов Ерзат, Шакирова Арай, Турарова Аянат,Толықбаева Ақерке -сертификат, Облыстық «Leader» инеллектуалдық байқауы Толыкбаева Ақерке, Сабиолла Риза, Нурушева Аружан – 3 орын; Облыстық «Leader» конкурсы 3,6,8 сынып оқушылары Мұратханов Алихан 1 орын, Мариденқызы Дана, Асқат Айдана, Кусманова Ясмина, Шаризат Ақжол, Мәдениетов Ерзат, Кауая Гаухар, Гіміңхан Гілнара, Мәриденқызы Дана - 1 орын, Медетұлы Жанасат -2 орын, Серікбек Нурила -3 орындарға ие болды.
Мұғалім өз еңбектерін баспасөз бетінде үнемі жариялап, ғылыми –практикалық конференцияларға, байқауларға белсене қатысып отырады. «Бозанбай орта мектебі мұғалімдері туралы» баяндамасы Республикалық педагогикалық ғылыми –әдістемелік журнал «Білім әлемі» журналында жарияланды. «Кәсіптік білім берудің дуалдық жүйесі» және «Білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар» халықаралық ғылыми – практикалық конференцияға қатысып алғыс хатқа ие болды. Республикалық интернет олимпиадаларына қатысып сертификат, 2 орын, Республикалық “Daryn online” олимпиадаcы сертификат.
Ұсыныс: Оқушылардың мәнерлеп оқу, ауызекі тілде сөйлеу, сөздік диктант, эссе жазудағы сауаттылығына көп көңіл бөлу.
Үлгерімі төмен оқушыларды Мемлекеттік стандартты орындауға бағыттау мақсатында нәтижелі жұмыс жүргізу;
Қабілетті оқушыларды аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға, байқауларға, ғылыми жобаларға дайындау жұмысын күшейту;
Айтказина Айгерим Ерболатовна санаты жоқ, ағылшын тілі пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 1 жыл, білім жетілдіру курсы «Онлайн форматта өткізген 34 академиялық сағат көлеміндегі критериалды бағалау бойынша каникулдық мектеп» 2020 жыл. Мұғалім 1,2,3,5,6,7,9 сыныптарында сабақ берді. Өз іс – тәжірибесінде ақпараттық технология, СТО технологияларының элеметтерін жүйелі түрде қолданды. Мұғалімнің өзекті тақырыбы «Развитие познавательной деятельности учащихся на уроках английского языка».
Оқушылардың білім сапасының көрсеткіші
сыныптар | 2020-2021 оқу жылында білім сапасы |
1а | |
1 б | |
2 б | 100% |
3ә | 83% |
5 а (1 топ) | 83% |
5 б | 85% |
6 ә | 83% |
6 б | 67% |
7 б | 100% |
9 а (2 топ) | 60% |
9 б | 67% |
Барлық ағылшын тілін оқитын оқушылар саны- 65
«3» -13
«4» -28
«5»- 24
Үлгерім - 100%
Білім сапасы -80%
Оқушылардың жетістігі
Оқушылардың аты-жөні | Қатысқан іс- шаралары, дәрежесі | Нәтижесі |
Курумбаева Айлин 7 б сынып | Облыстық «Leader» олимпиада | 3 орын |
Жақсыбай Барысбай 5а сынып | ІІІ – Международная олимпиада среди школьников, посвященная народному учителю Нургалиеву К.Н | 2 место |
Жандосқызы Аяужан 5а сынып | ІІІ – Международная олимпиада среди школьников, посвященная народному учителю Нургалиеву К.Н | 2 место |
Қабақ Айша 5а сынып | ІІІ – Международная олимпиада среди школьников, посвященная народному учителю Нургалиеву К.Н | 2 место |
Нұрланқызы Гүльнара 5а сынып | ІІІ – Международная олимпиада среди школьников, посвященная народному учителю Нургалиеву К.Н | 2 место |
Кайрбаева Аружан 5б сынып | ІІІ – Международная олимпиада среди школьников, посвященная народному учителю Нургалиеву К.Н | 2 место |
Тастембек Аян 5б сынып | ІІІ – Международная олимпиада среди школьников, посвященная народному учителю Нургалиеву К.Н | 2 место |
Жуматаева Алина 5б сынып | ІІІ – Международная олимпиада среди школьников, посвященная народному учителю Нургалиеву К.Н | 2 место |
Карпов Рустам 5б сынып | ІІІ – Международная олимпиада среди школьников, посвященная народному учителю Нургалиеву К.Н | 2 место |
Мұғалім жұмысының нәтижесі
Қатысқан іс- шаралары, дәрежесі | Нәтижесі |
Аудандық «Үздік жас ұстаз» сайысы | Алғыс хат |
ІІІ – Международная олимпиада среди школьников, посвященная народному учителю Нургалиеву К.Н | Диплом |
Айгерим Ерболатовна 5 «А» және 5 «Б» сыныбында «30 Years Independense of Kazakhstan» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың түрі аралас сабақ. Сабақта ойын технологиясы қолданылды. Сабақ шаттық шенберімен басталып, топтық, жұптық жұмыстың түрлері көрсетілді. Жаңа сабақ өткен сабақпен байланыстырылды. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер, грамматикалық ережелер пысықталды. Сөздік жұмысы өткізіліп, дарынды оқушылармен жұмыс жүргізілді. БҰҰ стратегиясы қолданылынды. Формативті бағалау жүргізіліп, сабақтың аяғында рефлексия болды. Сабақ соңында оқушылар сабақта қолданылған әдіс - тәсілдердің нәтижелігін, топтық, жұптық жұмыс істеген тиімді екенін білдірді. Сабақ барысында оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын, өз беттерімен білім алуға тырысқандықтарын, барлық оқушылардың белсенділіктерін анық байқауға болды.
Жаңа оқу жылына мұғалімге қойылатын мақсат:
1.Үлгерімі төмен оқушылардың оқуларындағы ақауларды жою мақсатында жүйелі жұмыс жүргізу;
2. Қабілетті оқушыларды олимпиадаға дайындау жұмысын күшейту;
3. Оқушыларды ғылыми –ізденіс жұмыстарына тарту.
Қорыта айтқанда, ағылшын тілі пәні ӘБ жұмысы қанағаттанарлық.
2021-2022 оқу жылына төмендегідей міндеттер мен талаптар қою:
1. Әр ұстаз кәсіби шеберлігін шыңдау;
2. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке сабақтан тыс жүйелі, тиянақты жұмыс жүргізу;
3. Әр мұғалім өз біліктілік санатын көтеруге күш салу.
4. Оқытудың жаңа технологиясын жүйелі пайдалана отырып, білім сапасын арттыру;
5. Сабақта компьютерлік технологияны пайдалану, тиімді оқыту әдісімен оқытуды меңгеру.
6. Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен үнемі жұмыс істеу.
7. Пәндік олимпиадаларға қабілеті жоғары оқушыларды тиянақты дайындау;
.