«Мектепішілік бақылауды ұйымдастырудағы тиімді әдіс - тәсілдер» әдістемелік құралы
АЛҒЫ СӨЗ
Мектепшілік бақылауда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, бақылаудың сапасы нәтижеге бағыттталады. Оқу мен оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе отырып, оқушының өз бетінше білім алуына, үнемі ықпал жасап отырады. Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру – мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып табылады. Білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік мектептері негізінде əлемнің алдыңғы қатарлы тəжірибесін бойына жинақтаған білім берудің ұлттық моделі, білім сапасы мен оны бағалау өлшемдері, нəтижеге бағытталған басқарудың индикаторлары, критериалдық бағалау- əлемнің үздік тəжірибесі ғана емес- сапалы оқытудың бірден бір үлгісін дəлелдейді. Білім берудің түрлі деңгейлерінде оқыту мазмұны, əдістері мен құрылымдары жаңартылып, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар, ақпараттық-комуникативтік, интерактивтік, роботтық технологиялар кеңінен ендірілуде. Білім беру ұйымдарында білім сапасын дамытуды, мектеп басшылары мен педагогтардың сыни ойлау деңгейі мен педагогикалық көзқарастарының күтілетін нəтижеге бағытталған–жаңа өзгерістерге сай болуын қажет етеді. Осы «Мектепішілік бақылауды ұйымдастырудағы тиімді әдіс - тәсілдер» атты әдістемелік құралда осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдар қарастырылған.
Кіріспе.
Білім беру мекемесіндегі бар жұмыстың түбегейлі нәтижеге жетуінің күре тамыры мектепішілік бақылауда тұрғаны анық. Мектепішілік бақылау дегеніміз жоғарғы нәтижеге жету мақсатында педагогикалық қызметтің басты ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, ұжымның өзара жүйеленген қарым-қатынасын қадағалайтын, оқу-тәрбие процесінің жүргізілуіне ақпарат беретін қызмет түрі.
Мектепішілік бақылау - басқаpу қызметiнiң ажыpамас бөлiгi, бақылау баpысында алған ақпаpат басқаpушылық шешiмдеp қабылдаудың негiзi болып табылады, сонымен бірге ол мұғалiмдеpдiң әдiстемелiк шебеpлiгiн зеpттеуге, олаpға уақтылы көмек көpсетуге бағытталатыны, оқу процесінде айқындалған мәселелеpдi талдау негiзiнде жоспаpланады, инновациялық пpоцестеpдi қамтиды.
Әдістемелік құралда жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері мен әдістемелік ұстанымдары қарастырылған.
Мектепiшiлiк бақылау – бiлiм беpу ұйымының қызметiнiң негiзгi нәтижелеpi, бiлiм беpу үpдiсi жағдайының негiзгi ақпаpат көзi мен диагностикасы.
МIБ – бiлiм саласында Қазақстан Pеспубликасының заңнамалық және басқа да ноpмативтiк-құқықтық актiлеpдi сақтай отыpып, өз құзыpетi аясында мектеп қызметкеpлеpiнiң бақылауы мен басшылығының еpежесiн жүзеге асыpудағы мектеп әкiмшiлiгi мүшелеpiнiң бақылау, тексеpу жүpгiзуi.
МIБ мақсаты – мектептiң бiлiм сапасын жақсаpту, мұғалiм шебеpлiгiн аpттыpу, бiлiм беpу сапасын жақсаpту.
Мiндеттеpi:
• бiлiм саласындағы заңдаpдың оpындалуын бақылауды жүзеге асыpу арқылы бiлiм беpу ұйымының дамуына оңтайлы жағдайлаp жасау;
• мемлекеттiк бағдаpламалаpдың орындалуы, оқытудың және тәpбиенiң қазipгi ғылыми негiзделген әдiстеpiн қолдану бойынша бiлiм беpу ұйымының қызметiн жүйелеу;
• педагогикалық қызметтiң нәтижесiн зеpделеу, оқу үpдiсiн ұйымдастыpуда жағымды және жағымсыз үдеpiстi анықтау, жағымсыз үдеpiстi жою бойынша ұсыныстаp әзipлеу;
Қағидалаpы: ғылымилық, өзектiлiк, жоспаpлылық, ашықтық, тiлектестiк, өзаpа сыйластық.
Нысандаpы: оқу-тәpбие жұмысы, әдiстемелiк жұмыс, сабақтан тыс оқу- тәpбие жұмысы, экспеpименттiк және ғылыми-зеpттеушiлiк жұмыс, педагогикалық үдеpiске қатысушылаpдың өмipi мен еңбегiн қоpғау.
Мектепiшiлiк бақылау әдiстеpi:
Бақылау әдiсi – бiлiм беpу қызметiнiң жағдайын зеpделеуде бақылауды жүзеге асыpудың ең тиiмдi әдiстеpi, ол:
* байқау (бip нәpсенi мұқият байқау аpқылы зеpттеу);
* талдау (себептеpiн анықтау, даму тенденциясын айқындау);
* әңгiме ( пiкip алмасу мақсатында бip тақыpып аясында iс жайындағы әңгiме);
* құжаттаpды зеpттеу (бip нәpсенi анықтау, танысу мақсатында мұқият зеpттеу)
* сауалнамалаp (сұpау аpқылы зеpттеу);
* хpонометpаж (қайталана беpетiн әpекеттеpдiң оpындалуына жiбеpiлетiн уақытты өлшеу);
* бiлiмдi ауызша немесе жазбаша тексеpу (бiлiм деңгейiн анықтау мақсатындағы сынақ);
* тестiлеу (психологиялық диагностика әдiсi);
*опеpативтi талдау (сабақты немесе өткiзiлген шаpаны аpтынша талдау).
Мектепішілік бақылау барысында келесі критерийлер– құраушыларға сүйенген жөн.
Оқу-тәpбие жұмысын бақылаудың негiзгi құpаушылаpы:
• Жалпыға бiлiм беpудiң оpындалуын бақылау;
• Оқу пәндеpiнiң оқытылу жағдайын бақылау;
• Оқушылаpдың ББД сапасын бақылау;
• Педкеңес, мәжiлiс шешiмдеpiнiң оpындалуын бақылау;
• Мектеп құжаттамасының жүpгiзiлуiн бақылау;
• Бақылау жұмысы, пpактикалық жұмыс минимумының және бағдаpламалаpдың оpындалуын бақылау;
• Емтиханды дайындау және өткiзудi бақылау;
Бақылау нәтижелеpi қаpалатын оpындаp:
• диpектоp немесе оның оpынбасаpлаpы жанындағы кеңестеpде;
• әкiмшiлiк кеңестеpiнде;
• педагогикалық кеңестеpде.
Бақылау нәтижелеpiн қоpытындылау тәсiлдеpi:
• анықтама;
• есеп;
• гpафикалық есеп;
• әңгiмелесу;
Оқыту процесінің сапасын арттыру, педагогтерде және білім алушыларда кездесетін проблемаларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылауды күшейту маңызды.
I бөлім. Мектепішілік бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар.
Бақылауды ұйымдастыруда нормативті-құқықтық актілерді, құжаттарды басшылыққа алу (ҚР «Білім туралы заңы», ҚР жалпы орта білім беру стандарттары т.б.); білім беру ұйымында бақылауды жүргізу мерзімдерін алдын-ала белгілеу, заңдастыру;мектепішілік бақылау ережесін жасау, педагогикалық кеңесте бекіту;бақылауды жүйелі, бірізді жүргізу;бақылау реттеу, түзету нысаны екенін ескеру;бақылау кезінде бақылау критерийлерін, іскерлікті бағалау өлшемдерін алдын-ала анықтау; бақылау барысында педагогикалық үрдіске қатысушылардың құқықтары мен бостандығын қорғау, сақтау;мемлекеттік білім стандартын басшылыққа алу;білім беру сапасын арттыру механизімін дамыту, жетілдіру;жалпы педагогикалық үрдісті дамытуды болжау.
Мектепішілік педагогикалық бақылау кезеңдері:
1) Мектепішілк бақылау жоспары оқу жылының басында əзірленеді. Жоспарға сай жыл барысында бақылау жүзеге асырылады.
2) Бақылауға дайындық кезеңі. Бұл кезеңде бақылау критерийлерін анықтау, белгілеу жүргізіледі, бақылау нысандары қандай өлшемдерге сай болу керектігі белгіленеді. Бақылау тобы құрылады. Не бақыланатыны жəне қандай критерийлер бойынша бақыланатыны жайлы ұжымға хабардар етіледі.;
3) Бақылауды жүргізу. Бұл кезеңде бақылау тобы бақылау нысандарының жұмысымен танысады: өзара сабаққа қатысу, құжаттар тексеру т.б.
4) Бақылау нəтижесінде алынған мəліметтерді жинақтау, талдау. Бақылау нəтижесінде алынған ақпараттарды критерийлермен нақты нəтижелермен салыстыру (жеткен нəтиже күткенмен қаншалықты сəйкес) - бұл кезеңде бақылау нəтижелері бойынша бақылау нысандарының белгіленген өлшемдерге қаншалықты сай екендігі анықталып, бағаланады, салыстырылады, мəліметтер бойынша диагностикалық карта жасалады, сызба, кесте диаграмма арқылы нəтиже шығарылады, анықтама жазылады, анықтамамен бақылау нысандары таныстырылады;
5) Түзету шараларын жүргізу. Бұл кезеңде анықтамада жазылған ұсыныстар мен пікірлер ескеріле отырып, жұмысты алға қою үшін түзету шаралары белгіленеді. Мектепішілік бақылауды жүргізу кезінде менеджер əділетті қарау, əр мұғалімнің потенциалды мүмкіндігін ескеру, оның кəсіби өсу алғышарттарын қарау, білікті, сол саладағы құзыретті маманға бақылау міндеткерліктерін бөлу (делигирлеу) жəне бақылауды жоспарға сай жүзеге асыруы тиіс. Оқу - тəрбие үрдістеріне басшылық жасаудың тиімділігі басшының оқу үрдісінің жағдайын қаншалықты деңгейде білетініне байланысты.
Тəжірибеде басқарушылық бақылаудың үш негізгі түрі бар: алдын -ала, ағымдық жəне қорытынды. Алдын-ала бақылау,немесе ұйымдастырушылық бақылау деп те атауға болады – білім беру ұйымының белсенді қызмет жасауына негіз болатын, қызметкерлердің жұмысқа дайындығын алдын ала қарастыратын бақылау түрі. Ағымдық бақылау, күнделікті орындалатын істердің барысы, ресурстарды пайдалану, сапалық сипаттар жатады. Қорытынды бақылау, ол бекітілген даму жоспарының орындалу нəтижесін бағалау, əлді жəне əлсіз жақтарын айқындайды.
Мектепішілік бақылау формалары:
Тақырыптық тексеру – жыл барысында жүзеге асырылады, қандай да бір нақты мəселені терең зерттеу мақсатында жүргізіледі. Мысалы, пəн бойынша білім сапасын анықтау немесе оқытудың интербелсенді əдістерін қолдану мүмкіндіктерін бақылау мақсатында т.б. бақылаушы пəн сабақтарына қатысады (3-6 сабаққа), бақылау нəтижелері педагогикалық ұжым алдында жария етіледі. Бұл тексеру түрі мұғалімдер жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді, нəтижесінде біліктілікті, əдістемелік білімді жетілдіру шаралары ұсынылатын болады. Фронталды бақылау- барлық қызмет түрлерін (оқу-тəрбие, əдістемелік, жеке оқытушылық) жаппай тексеру түрі. Мысалы, оқу үрдісін тексерудің жан-жақтылығы: білім сапасы, үлгерім көрсеткіштері, жеке оқушылармен жұмыс, сабақты ұйымдастыру, оқытудың əдістерін қолдану, жаңа оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру т.б, немесе жеке оқытушы қызметін бақылау: пəн оқытушылық қызметі, сынып жетекшілік қызмет, қоғамдық қызметі т.б. Жеке бақылау – бір мұғалімнің жұмысын бақылау, тексеру. Кешенді бақылау – бір сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдердің жұмысын тексеру, бір сыныптың бір күндік сабақтарына жүйелі қатысу, 58 сынып құжаттарымен танысу арқылы сыныптың оқу-үлгерім сапаларына баға беру жүзеге асырылады. Пəндік бақылау– бір пəннен сабақ беретін мұғалімдердің жұмысы тексеріледі. Мұғалімнің білімді беру, оқыту əдістерін қолдану, пəннің негізгі мəнін түсіну, ғылымилық ұстанымды басшылыққа алу, беретін пəнін жетік білуі мен құзыреттілік сапалары бақыланады. Жекелеме таңдау бойынша бақылау- əкімшілік қызметкер (топ менеджерлер) өзінің жеке жоспары бойынша ескертусіз мұғалімнің сабағына қатысады. Бұл тексеру күнделікті мұғалім жұмысына баға беруге бағытталады. Бақылау нəтижесінде сабаққа өзіндік жəне өзара талдау жасалады. Қосымша бақылау- жас мұғалімдермен, педагогикалық тəжірибелері аз мұғалімдермен жұмыс. Бақылау барысында ескерілетін жайттар: нені бақылайтынын, негізгі критерийлерінің мəнін білу; ішкі жəне сыртқы байланыстарды ажырата алу; бақылау шараларын жүргізуде жағымды атмосфера құру; тиімді қарым-қатынасқа түсу;бақылауды шамадан тыс, артық жүргізбеу;
Мектепішілік бақылау əдістері:
1. Тікелей бақылау əдісі. Пəн мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің іс əрекетін бақылау: өзара сабаққа қатысу, сыныптан тыс шараларға қатысу, тəрбие жұмыстарын тексеру т.б.
2. Құжаттарды тексеру əдісі – хаттамалар, тəрбиелік іс шара жоспарлары, кысқа мерзімді (ҚМЖ), орта мерзімді жоспарлар (ОМЖ), сынып журналдары, есептер оқушы дəптерлері, ата-аналармен байланыс жұмыстары т.б.
3. Мүдделі топ өкілдерімен (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) əңгімелесу. Ағымдағы жағдайлар бойынша толқсан сайын əңгімелесулер, пікіралмасулар жүргізіліп отырылуы тиіс.
4. Кешенді тексеру əдісі – жекелеме сыныптар тексеріледі. Тексеруші бір сыныптың күні бойғы барлық сабақтарына қатысады. Тексеру мақсаты-əр жағдайда оқушылардың жұмысқа қабілеттіліктері, белсенділіктері, шығармашылық еркіндіктері, талаптарды орындауларын анықтау.
5. Арнайы мамандарды шақыртумен мақсатты тексеру əдісі- мектеп басшысы белгілі пəн мұғалімдерін маман ретінде бақылауға қосу арқылы жекелеме мұғалім жұмысына немесе үрдіске əділетті баға беруін ұйымдастырады.
6. Ауызша бақылау əдісі – мұғалімдермен оқыту немесе тəрбие үрдісі жайлы сөйлесе отырып, оқушылармен өтілген тақырыптар бойынша əңгімелесе отырып, бақылау жүргізіледі.
7. Аралас бақылау əдісі – ауызша жəне жазбаша əдістерді біріктіре отырып жүргізілетін бақылау əдісі.
8. Озат педагогикалық тəжірибелерді зерттеу əдісі
9. Əлеуметтік тексеру əдістері – сауалнамалар, сұхбат, əңгімелесу.
10. Диагностикалық əдістер- жинақталған мəліметтерді сараптау.
Мектеп құжаттарын тексеру əдісі- оқушының жеке бас құжаттары, үлгерім табелдері, сынып журналдары, хаттамалар жинағы, бұйрықтар жинағы, факультатив журналы, мектеп бітіру аттестатын тіркеу кітабы т.б. Бақылау үшін қажетті ақпараттарды сондай-ақ мектеп мұрағатынан да алуға болады, онда құжаттар 5 жыл көлемінде сақталады. Қазіргі уақытта фотоесеп əдісі де қолданылады. Фотоесеп – еңбекке кеткен уақытты тұтастай өлшеуде қолданылатын нормативті бақылау түрі. Фотоесеп орындалған жұмыс түрінің жүру барыс жайлы визуалды ақпарат береді. Мысалы, жүргізілген іс-шара, сабақтың барысынан түсірілген суреттер т.б. Бақылау əдістерін таңдау бақылау мақсаты мен нысанына, уақытқа байланысты. Бақылауды тым асыра жүргізу қызметкерлердің тыныштығын бұзып, ішкі күйзеліс, психологиялық қысымға əкелуі мүмкін. Бақылаусыз оқу-тəрбие үрдісінің жалпы сапасы түсіп кетуі де мүмкін, сол себепті басшылық тарапынан бақылау жүйелі, бірізді, жоспарлы ұйымдастырылып отыруы тиіс.
Бақылау стратегиялық бағытта, белгілі нəтижелерге бағдарланған, іске сай, уақытымен жүргізілген, икемді, уақыт үнемділігін сақтайтындай негізде жүргізілуі тиіс. Қазіргі менеджмент талаптарына сай ісшараларды іске асыру үдерісті қадағалау – үдерісті бақылау, кеңес беру, түзету болып табылады. Білім беру ұйымында кері байланыс жүйесі болады жəне ол тиімді қызмет етуі тиіс. Кері байланыс тетіктері: электронды журнал, оқу орнының веб сайты, мектеп басшылығына арналған «шағымдар мен ұсыныс жəшігі» т.б. Мектеп басшылыған келіп түсетін шағымдар мен ұсыныстар, өтініштерге уақытында жауап беріліп, орындалуына басшылық кепілдік беруі тиіс.
1.1. Мектепішілік бақылау барысында жалпы орта білім беру жүйесі педагогикалық қызметкерлеріне қойылатын құзыреттілік талаптары.
Əлем өзгеруде, əлеммен бірге балалар да өзгереді, бұл өз кезегінде мұғалімдердің біліктілігіне жаңа талап қоюда. Құзыреттілік талаптары мұғалімдердің кəсіби қызметінің мазмұны мен сапасының бірыңғай талаптарын анықтауға, мұғалімдерді аттестаттау кезінде біліктілік деңгейін бағалау үшін, педагогикалық білім беруде мемлекеттік білім беру стандарттарын дайындауға жəне лауазымдық міндеттерін құрастыруға арналған. Құзыреттілік талаптарына сəйкес мұғалім оқыту мен оқу үдерісіне кез келген оқушыны: дарынды оқушыларды, ана тілінде оқымайтын оқушыларды, денсаулық мүмкіндігі шектеулі оқушыларды жəне т.б. тартуға арнайы амал қолдануы керек. Мұғалім сыныптарға тиімді жетекшілік етуі керек – оқу-танымдық əрекеттерін уəждендіре отырып, оқыту мен оқу үдерісіне оқушыларды тарту, оқушының шығу тегі мен қабілетіне, мінезіне қарамастан дамуына ықпал жасайтын мақсаттар қою. Мұғалімнің жауапкершілігіне əмбебап оқу əрекеттерін, əлеуметтік тəртіп құндылықтары мен үлгілерін, виртуалды шынайы өмірдегі жəне əлеуметтік желідегі тəртіп дағдыларын, түрлі мəдениеттік қарым-қатынас пен төзімділік дағдыларын, түйінді құзыреттілік жəне т.б. қалыптастыру мен дамыту кіреді.
Құзыреттілік – маманның тиісті сапа деңгейі мен тиісті жағдайдағы кəсіби қызметін тиімді жəне кепілді атқаруына қажет жеке қасиеттер жиынтығы.
Психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі
Критерийлері | жоғары деңгей | қажетті деңгей | төменгі деңгей |
Оқушының оқуға деген уәжін ынталандыру және түсіну қабілеті | Үнемі оқушыларды ынталандыратын әдістерді қолданады | Ынталандыру әдістерін оқта-текте қолданады | Ынталандыру әдістері сирек қолданылады, нәтиже бермейді |
Оқыту барысында оқушыны дамыту қабілеті | Үнемі дамытушылық сипаттағы әдістер мен басымдықтарды қолданады | Дамытушылық қағидаты тұрақты емес | Оқыту әдісінің дамытушылық сипаты жоқ |
Оқушылардың оқудағы қиындықтарының себебін анықтау, оларды жоюға көмектесу қабілеті | Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда (реттеуде) жүйелілік қалыптасқан | Қиындықтарды анықтау мен оны жою жолдары нақты емес | Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда жүйелілік жоқ |
Өз бетінше оқуға үйрету, оқуға рефлексия жасай білуін дамыту қабілеті | Оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, реттеуге үнемі уәждендіріп отырады | Оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, реттеуге уәждендіру тұрақты емес | Өз бетінше оқу мен рефлексия жоқ |
Қарым-қатынас құзыреттілігі
Критерийлері | жоғары деңгей | қажетті деңгей | төменгі деңгей |
1 | 2 | 3 | 4 |
Оқытушылық диалог құра білу, оқытуда оқушының мұғаліммен пікірлесуін ынталандыру қабілеті | Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыра отырып, оқушымен тиімді диалогтік қарым-қатынас орнатады | Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыруға бағытталған оқушымен диалогтік қарым-қатынасы тұрақты емес | Оқушымен диалогтік қарым-қатынасқа түспейді, табысты оқуға жағдай туғызбайды |
Сыныптағы оқу барысында оқушылар арасында пікір алысу және пікірталас жүргізетін орта құра білуі | Тұлғалық қасиеттерінің эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және мақсатты түрде сыныпта оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын құрады | Оқытуда бірлескен орта құру үшін сыныпта оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын сирек қолданады | Сыныпта табысты оқуға арқау болатын оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын ұйымдастыру дағдысы жоқ |
Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарау, тілдік кедергілерді жоюға көмектесу қабілеті | Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап, тілдік кедергілерді жоюға көмектесуде жоғарғы кәсіби қарым-қатынас мәдениетін көрсетеді | Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап, тілдік кедергілерін жоюға көмектесуде селқостық танытады | Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап, тілдік (сөздік) кедергілерін жоюға көмектесе алмайды, табысты оқу ортасын құрмайды |
Оқытуда ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
Критерийлері | (жоғары деңгей | қажетті деңгей | төменгі деңгей |
1 | 2 | 3 | 4 |
Сабаққа дайындалуда компьютерді қолдана білуі (MS Office Word бағдарламасы). Сабаққа қатысты таныстырылым мен ресурстар дайындауда PowerPoint бағдарламасын қолдануы | Жүйеленген файл блоктары: сабақ жоспары, тапсырмалары, зертханалық және тәжірибелік жұмыстары, фильмдері, үнемі қолданылатын таныстырылымдары бар (барлық сабақтарда, яғни өткізетін сабақтарының 100 пайызында) | Файл блоктары: сабақ жоспары, тапсырмалары, зертханалық және тәжірибелік жұмыстары, фильмдері, үнемі қолданатын таныстырылымдары жүйеленбеген. Үнемі қолданылмайды (өткізетін сабақтарының 70 пайызынан аспайды) | Сабақ жоспарларының, тапсырмалардың, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарының, фильмдерінің электронды форматы бар, бірақ толық емес. Өткізетін сабақтарының 50 пайыздан кемінде қолданылады |
«Интернет» жаһандық желісін қолдануы | Отандық және халықаралық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелген және белсенді жұмыс істейді (аптасына 4 күннен кем емес). Сабаққа дайындықта интернетті белсенді қолданады, өзінің сайты бар, блогер ретінде жұмыс жүргізеді | Отандық және халықаралық кәсіби педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелген, бірақ белсенді жұмыс істемейді (аптасына 1 күннен аз). Сабаққа дайындықта интернетті қосымша ресурс ретінде ғана қолданады | Педагогикалық желілер мен қоғамдастықта тіркелмеген. Сабаққа дайындықта интернетті қосымша ресурс ретінде жүйесіз қолданады |
Электронды пошта (e-mail), қарым-қатынас бағдарламаларын (Skype, ICQ, Agent, т.б.) оқушылармен, әріптестерімен қарым-қатынаста пайдалана білуі | Электронды поштаны үнемі қолданады, оқушыларымен және әріптестерімен қарым-қатынас үшін көптеген желілік байланыс түрлерінің (Skype, ICQ, Agent, т.б.) кемінде бірі бар | Электронды поштасы бар, оны қолданады, оқушыларымен және әріптестерімен қарым-қатынас үшін (Skype, ICQ, Agent, т.б.) бағдарламаларының бірінде тіркелген, бірақ аз қолданады | Электронды поштасы жоқ, Skype, ICQ, Agent, т.б. бағдарламалардың ешқайсысын қолданбайды, оқушыларымен және әріптестерімен қарым-қатынасы жүзбе-жүз кездесу және телефон байланысымен шектелген |
Сабақ үдерісінде мультимедианы қолдану деңгейі (фото, бейне, аудио файлдарды қолдану) | Сабақ барысында мультимедианы жүйелі және тұрақты қолданады (ауқымды, жүйеленген мәліметтер жинағы бар) | Мультимедиа мүмкіндектерін сабақ барысында тұрақты қолданады (өткізетін сабақтарының кем дегенде 70 пайызында). Жинақтау қоры қалыптасу үстінде, білім мазмұнының 100% қамтымайды (пән бойынша) | Сабақ барысында мультимедианы сирек қолданады (өткізетін сабақтарының 50 пайызынан аз), материалдары жүйеленбеген және толық емес (берілген пән бойынша білім мазмұнына сәйкес) |
Сабақ барысын басқарудағы құзыреттілігі
Критерийлері | жоғары деңгей | қажетті деңгей | төменгі деңгей |
1 | 2 | 3 | 4 |
Сабақты жоспарлау қабілеті | Әдістемелік талаптарға сай, шығармашылықпен дайындайды. Қол жетімді және ыңғайлы, түсінікті | Сабақтың жоспары арқылы сабақтың құрылымы, барысы жайлы мағлұмат алуға болады. | Сабақтың жоспары жасалған, бірізділік басым |
Сабақ уақытын дұрыс пайдаланып және реттей білу қабілеті | Сабақтың әр кезеңіне үнемі тиісті көңіл бөледі, тиімді жұмыс жүргізе біледі | Сабақтың әр кезеңіне дұрыс көңіл бөледі, жүйелілік сақталмайды | Сабақтың кезеңдеріне дұрыс мән бермейді |
Оқушының топтағы нәтижелі жұмыс істеуін ұйымдастыру қабілеті | Жұптық, топтық жұмыстардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып отырады | Жұптық, топтық жұмыстарды сирек жүргізеді, оның маңыздылығына көңіл бөлмейді | Топтық жұмыс жүргізбейді, ұйымдастыра алмайды |
Оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін таңдай білу қабілеті | Тиімді әдіс-тәсілдердің элементтерін сабақтастыра отырып, нәтижелі, тиімді пайдаланады | Әдіс-тәсілдерді пайдаланады, өзгертуге құлықсыз | Сабақта дәстүрлі немесе бір ғана әдісті пайдаланады, жүйелі әдіс-тәсілі жоқ |
Оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес жұмысты саралау қабілеті | Әрбір оқушының мүмкіндігіне, жас ерекшелігіне қарай тапсырма береді. Түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана біледі | Оқушылардың мүмкіндігіне сирек көңіл бөледі, тұрақсыз | Деңгейлік тапсырмалар бермейді. Оқушылардың мүмкіндіктерін мүлдем ескермейді |
Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігі
Критерийлері | жоғары деңгей | қажетті деңгей | төменгі деңгей |
1 | 2 | 3 | 4 |
Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеуін бағалау критерийлерін дайындау қабілеті | Оқушыларды жұптық, топтық жұмыста бағалау үшін әр сабақ бойынша дескрипторлар негізінде үнемі критерийлер жасайды | Оқушылардың жұптық, топтық жұмысын бағалауға арналған критерийлерді сирек дайындайды | Оқушылар білімін бағалаудың нақты критерийлерін жасамайды |
Оқушылардың жеке жұмыс істеуін бағалау критерийлерін дайындау қабілеті | Оқушының жеке жұмысына қалыптастырушы баға береді, дескриптор арқылы критерийлер дайындайды | Оқушының жеке жұмысын бағалауды дайындауда ынталандыру критерийлері сирек | Оқушы білімін бағалауды ынталандыру, дамыту әдістерін қолданбайды, жан-жақты бағаламайды |
Оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін зерттей білу қабілеті | Оқушылардың оқудағы кемшіліктерінің себебін анықтайды, зерттеушілік әдіс арқылы интерпретация жасайды, баланың дамуына жақсы, тиімді әсер етеді | Оқушы білімінің ақауын нақты анықтамайды, үстірт қарайды және түзету шараларын жеткіліксіз жүргізеді | Оқушы білімінің кем тұстарын анықтау және оны жоюмен айналыспайды. |
Оқушы білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы нақтылау, оқушының уәжін бағалау арқылы арттыру қабілеті | Оқушы білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы нақты бағасын қоя отырып, одан әрі білімін арттыру мен жақсы баға алуға уәжін арттырады, ынталандырады, жетелейді | Оқушы білімін сыңаржақ бағалайды, жан-жақты бағалау мен талдауға мән бермейді | Оқушы білімін талдау мен бағалауда жүйелілік жоқ. Бағалау арқылы ынталандыру, ішкі уәжін көтеру мәселелеріне мән беріп, жүзеге асырмайды |
Сабақтағы кері байланыс | Оқушылардың үлгерімі бойынша ақпарат | Жиналыстағы белсенділігі | Ғылыми-тәжірибелік конференцияларда педагогикалық оқуларға қатысуы |
Тесте жұмысында және зертханалық жұмыстарда интерактивті тақтаны қолдануы және әртүрлі бағдарламаны пайдалануы. | Сабақ барысында түсірілген фотосуреттер , видеолар. | БАҚ | «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі», «Ең жақсы понарамалық сабақтар»байқаулары |
Интеграцияланған сабақтар жоспарлары | Оқушылардың мақалалары | Мектеп шараларына қатысуы | Желілік қоғамдастықтағы үлесі |
Виртуалды саяхаттар | Үлгерім көрсеткіштері | Ата-аналар комитеті | Жылдық есептер |
Виртуалды кабинеттегі сабақ кестесі мен жазбалары | Кері байланыс | Қоғамдық іс-шараларға белсенді араласуы | |
Элективті курстар Бағдарламалар | Жазбаша жұмыстар | Мәліметтер фонд ,хаттамалар | |
Оқушылармен жұмыс түрлері | Оқулар «Абай-Шәкәрім», «Махамбет», «Мукагали», «Жумекен» сайыстар, олимпиадалар (сертификат, дипломдар) |
1.2. Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда деректер жинау әдістері
Оқушы жұмыстарының деректерін жинау
Күшті жақтары | Шектеулер |
Қамтылатын оқушылар саны шектелмеген | Этикалық нормаларды сақтау |
Қосымша күштің қажеті жоқ, тек дәптерлер мен күнделіктер және т.б. жинау керек | Сенімді қарым-қатынас орнату, деректерді пайдалануға келісімдерін алу |
Оқушылардың жұмысы бойынша оқудың көптеген аспектілері туралы қорытындыға келуге болады: білімі, біліктілігі, дағдысы, өмірлік ұстанымы, өзін өзі реттеу деңгейі, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қолдануы, мұғалімнің сабақ беру жүйесі, қолданатын тәсілдері, жұмыс істеу нысаны, ынталандыру әдісін қолдануы, түсіндірме беруі, кері байланыс ұсыну тәсілдері | Пара-пар келмейтін қорытындылар, түсінбеушілік, мәнмәтіннен оқшау қалғандық |
Деректерді фотокөшірме түрінде ұсынуға болады | Анағұрлым қызықты фактілерді; мысалдарды ұлдар және қыздар бойынша, сондай-ақ күшті, әлсіз, орташа оқушылар бойынша іріктеуге болады |
Сандық есептеулер жүргізіп, мониторинг жасауға ыңғайлы | Біржақтылық, мұғалімдердің тек жақсы жұмыстарды ұсынуы |
Олардың тәжірибелік қызметінің нәтижесінде туындаған оқушылардың шығармашылық жұмыстары олардың өз бетінше жұмыс істей алу, жұмысқа қатысу, креативтілік, әлемді суреттей алу қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді. |
Визуалды деректерді жинау
Визуалды деректерді жинау - сабаққа, сабақтан тыс іс-шараларға, коучингіге және т.б. іс-шараларға қатысу арқылы жиналатын дәлелдер.
Визуалды деректерді жинау түрлері:
Фотосурет, постерлер, макеттер, оқушылардың салған суреттері, диаграммалар.
Іріктелген үлгілердің саны.
- Фотолар-10
- Постерлер;
- Макеттер;
- Оқушылардың салған суреттері және т/б;
Жиналған деректер – сабақтың әр кезеңінің бақылауда болатынының дәлелі.
Қажетті ресурстар:
Фотоаппарат, бейнекамера, ноутбук.
Артықшылықтары (+) | Кемшіліктері (-) | |
1 | Фотосуреттер арқылы дәлелдердің растығы анықталады. | Фотосурет нақты қандай мақсатпен түсірілгенін білмеу. |
2 | Постерлерде пайдалы және қажет деректер болады. | Постерлерде көрсетілген деректердің пайдасын білмеу. |
3 | Оқушылардың салған суреттері арқылы қажетті деректерді жинауға болады | Суреттер не үшін, қандай мақсатта жиналғанын білмеу. |
4 | Макет арқылы оқушылардың шеберлігін, көзқарасын, шығармашылығын көруге болады | Макеттің оқушыларға белгілі бір тақырыпты ашу үшін жасалмауы. |
Мектеп тәжірибесінде пайдаланылатын деректер
(Зерттеу әдісі)
Зерттеу әдісінің кезеңдері | Статистикалық деректер | Оқу деректері | |
Сипаты | Мектеп қызметінің негізгі көрсеткіштерінің сандық сипаттамасы | Білім беру үдерісіне қатысушылардың негізгі білім жетістіктерінің сандық және сапалық сипаттамасы | |
Ұсыну түрі, үлгісі және нысаны | Кесте, мәтіндік ақпарат, ресми құжаттамалар нысанында және электрондық форматта ұсынылады | Кесте, мәтіндік ақпарат, диаграммалар, ресми құжаттар түрінде және электрондық форматта ұсынылады | |
Мысалдар | ОШ1 және басқалар, РИК, Д1- басқалар | Сынып журналы, тәбілдер, есептер | |
Қажетті ресурстар | Қалыптасқан есеп беру жүйесі, адам ресурстары, АКТ | Істер номенклатурасы, педагогикалық кеңес бекіткен ақпарат жинаудың мектепішілік нысандары, білім беру үдерісіне қатысушылар | |
Деректердің күшті жағы | Шектеулер | ||
Статистикалық деректер | |||
Нақтылық және анықтылық | Стандартты нысандар | ||
Жүйелілік | |||
Шолудың кеңдігі және ақпараттың толықтығы | Өңдеу және талдау күрделілігі | ||
Бірізділік | Мазмұнның шектеулілігі | ||
Оқу деректері | |||
Оқу-тәрбие үдерісі жағдайы бойынша кері байланыс | Білім беру үдерісіне қатысушылар бойынша оларды саралаудағы шектеулер | ||
Даму мониторингі және мақсатты анықтау | Нысаналы бағыттар | ||
Жеделдік | Қарастырылып жатқан көлем мен өлшемдерді барынша сығымдау | ||
Жазбаша құжаттар
1. Жазбаша құжаттар – қандай да бір зат, іс-әрекет туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететін материалдар жиынтығы.
2. Жазбаша құжаттардың түрлері: мектептің даму жоспары, коучинг жоспарлары, ортамерзімді жоспарлар, қысқа мерзімді жоспарлар, педагогикалық кеңестердің, әдістемелік бірлестік отырыстарының, директор жанындағы отырыстардың хаттамалары, ата-аналар, сынып жиналыстарының хаттамалары, бақылаудың анықтамалары (мониторинг нәтижелері, кестелер, диаграммалар)
3. Талданатын құжаттардың саны
- мектептің даму жоспары – 1
- қарастырылатын мәселеге қатысты коучинг жоспарлары – 2-3
- зерттелетін сыныптарға қатысты ортамерзімді жоспарлар, қысқа мерзімді жоспарлар – 2-3
- зерттелетін сыныптарға қатысты отырыстардың, жиналыстардың хаттамалары – 4-5 (қабылданған шешімдер)
- зерттелетін сыныптарға қатысты бақылаудың анықтамалары (мониторинг нәтижелері, кестелер, диаграммалар).
4. Қажетті ресурстар:
Жазбаша құжаттарды жинау үшін көп ресурс керек емес. Жазбаша құжаттардың көшірмелерін рет-ретімен жинап қою керек.
5. Кесте
Артықшылықтары | Кемшіліктері |
Құжаттардың әрқашан қол жетімділігі, керек кезінде қайта оқу мүмкіндігі | Құжаттардың формалды түрде болуы |
Салыстыруға, талдауға қолайлы | Салыстыру, талдау обьективті болмауы мүмкін |
Өзгерістерді анықтауға, көруге болады | Жағдай толық көрініс таппайды |
Қандай іс-әрекеттердің жүзеге асқандығын, аспағандығын көруге болады | Сауатсыз жазылуы мүмкін |
Құжаттарға қарап белгілі бір шешімге келуге болады | Құжаттардың мазмұнының түсініксіз болуы |
Бағалауға болады | |
Түсінікті, нақты |
Сұхбат
1. Сұхбат – сұрақ-жауаптар арқылы қандай да болмасын мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру, сұрау, диалог құру. Олардың жауаптары оқу/оқыту үдерісінің деңгейін анықтап, оған өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді. Сұхбатты формалды емес жағдайда жүргізген дұрыс.
2. Сұхбат түрлері
Нысандандыру деңгейі бойынша
- Стандартталған. Сұрақтар мен олардың реті алдын-ала дайындалады.
- Еркін немесе бағытталмаған сұхбат. Сұхбат алушы өзін икемді түрде ұстайды, зерттеу тақырыбы мен мақсаты ауқымында сұрақтарды жағдаятқа байланысты қояды.
Зерттеу кезеңдері бойынша
- Алғашқы сұхбат. Зерттеу басында қолданылады.
- Негізгі сұхбат. Негізгі деректерді жинау барысында қолданады.
- Бақылау сұхбат. Даулы пікірлерді тексеру және деректерді толықтыру үшін қолданылады.
Қатысушылардың саны бойынша
- Жеке сұхбат.
- Топтық.
- Жалпылама сұхбат — жүздеген, тіпті мыңдаған қатысушылардан сұхбат алу.
Жартылай құрылымдалған сұхбат - жеке сұхбаттағы рөлдер мен мақсаттарды қысқаша ұсыну. Ұзақтығы: 20-30 минут. Мақсаты: жартылай құрылымдалған сұхбат: әлеуметтік зерттеудегі сұхбаттың рөлі мен мақсаты, түрлі тренерлердің сұхбаты (өз жобасында сұхбатты қолданудың нақты дәлелін келтіреді).
3. Іріктеу
Дерек жинауға арналған қосымша ресурстар: қойын кітапшасы, диктофон, фотоаппарат, планшет, бейнекамера, ұялы телефон.
4. Артықшылықтары мен кемшіліктері
Күшті жақтары | Шектеулері |
|
|
Әдістемелік ұсынымдар
Тапсырма: Деректер жинаудың он-лайн әдістерін тарқатып жазу.
- Біз деректер жинау кезінде пайдаланатын әдістерді сипаттау.
Вебсайттар, форум, электронды журнал, электронды күнделік, мектеп сайты, электронды пошта, чат, блог, смс, әлеуметтік желілер. Бұлар дерек жинауға және төмендегілердің көмегімен диалог орнатуға арналған:
- форум жұмысы;
- онлайн-конференцияға топтарды тарту;
- онлайн-семинарлар;
- онлайн-сауалнама жүргізу (ұжыммен, ата-аналармен және т.б.);
- веб-сұрастыру.
- Эвалюация жүргізу ((evaluation) Эвалюация жүргізуде сандық және сапалық деректер жинау әдістерін қолдану арқылы математикалық және статистикалық аналаиз жасалып, дамудың келесі қадамдары айқындалады). Бұл әдіс белсенді кері байланыс алуға көмектеседі. Егер жүйеде жауапқа арналған тетік пен негіз болған жағдайда Сіз хабарламаларды бақылап, оларды бағалай аласыз.
- Біз қандай деректер жинай аламыз.
Респонденттер | Деректер жинау құралдары |
|
|
- Масштаб.
- Мақсатына қарай (30 %-дан – 100 %-ға дейін).
- Респонденттердің санатына қарай (ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер, әлеумет өкілдері).
- Ресурстар. Белгілі бір кезеңде жинайтын құжаттардың үлгісі. Бұл деректер қандай болуы керек.
- Сауалнамалардың үлгісі.
- Маман (психолог, әлеуметтанушы, осы үдеріске тартылған адамдар тобы).
- Деректерді жинақтау және өңдеуге арналған бағдарлама, кесте.
- Жабдықтар.
- Компьютер, интернет
№ | «+» Күшті жақтары | «-» Әлсіз жақтары |
1 | Ақпарат жинау жылдамдығы | Барлық адамдарда компьютер мен интернет бола бермеуі |
2 | Пайдаланушылар белсенді болған жағдайда респонденттерді кеңінен қамту мүмкіндігі | АКТ дағдыларының болмауы |
3 | Деректер жинау тетігінің автоматтандырылуы негізінде нәтижелердің айқындығы | Табиғи факторларға тәуелділігі |
4 | Қашықтықтан. Аумақтық және уақыт факторларына тәуелсіздігі | Респонденттердің әлеуметтік желілердегі белсенділігінің әлсіздігіне қарай респонденттерді тиісінше қамтымау |
5 | Кері байланыс арқылы көкейтестілік пен уәж деңгейін анықтау мүмкіндігі | Болжамды респонденттерді толығымен қамту мүмкін болмағандықтан толық ақпарат ала алмау қаупі |
6 | Респонденттер мен модераторларды ортақ идеямен, мақсатпен біріктіру | |
7 | Психологиялық қолайлылық пен объективтілік |
Сауалнама
№ | Сипаттамасы | ||
1. | Сауалнама – белгілі бір іс-әрекеттің себептерін (тиімді-тиімсіз, сәтті-сәтсіз т.б.) анықтайтын дерек. Сауалнама - сыныптағы оқытуды жақсарту жолын анықтау құралы. | ||
2 | Сауалнама құрылымы жағынан әр түрлі болады:
Сауалнама объектілері әр түрлі болады:
| ||
3. | Сауалнама жинаған кезде:
| ||
4. | Артықшылығы | Кемшілігі | |
|
| ||
5 | «Эйдос» қашықтықтан білім беру орталығы, Ресей | http://eidos.ru/school/liter/week_liter.htm http://eidos.ru/courses/schedule.htm | |
Оқушылардың жұмысы
Ақпарат жинаудың күшті жақтары | Жинау кезіндегі шектеулер. Ақпарат жинау кезіндегі кемшіліктер. |
Диктант, шығарма, тест жүргізу кезінде шектелген уақытта оқушыларды қамту | Жұмыс жүргізу үшін уақыттың шектеулілігі. Бірқатар оқушыларға ол үшін көп уақыт керек болатындығы, ал екінші топ оқушыларына шектеулі уақыттың жеткілікті болуы. Жұмыс мұғалімнің таңдауы бойынша ұсынылатындықтан, бағалау толық және объективті болмауы мүмкін. Білім мониторингі оқушылар қабілетінің нақты деңгейін көрсете бермейді Оқушылар барлық уақытта өз жауаптарында нақты деңгейін көрсете алмайды, себебі қорқыныш болуы, деректердің бақылаушы тарапынан қабылданбауы мүмкін. |
Оқушылардың жұмыстары бойынша олардың пәнді игеру деңгейін анықтау мүмкіндігі | |
Оқушылардың талдау және синтездеу қабілетін анықтау. ББД. | |
Нақты бағыттар, бөлімдер бойынша жұмыстарды бағалау мүмкіндігі. | |
Білім мониторингін жүргізу мүмкіндігі | |
Жұмысты жүргізу кезінде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын, әрекетінің реттілігін бақылауға болады. | |
Креативтілік | |
Сабақтың немесе жекелеген жұмыстардың проблемаларын кеңінен қамту үшін сыныпты топқа бөлу мүмкіндігі | |
Оқушылардан ақпарат жинау кезінде педагогтің жұмысындағы жүйелілікті анықтауға болады |
II бөлім. Мектепішілік бақылауды ұйымдастырудағы инновациялық тәсіл.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 Бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 1-қосымша негізінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі бойынша
Барлық оқу пәндерінің педагогтері:
күн сайын, сабақ кестесіне сәйкес:
1) 1-4 сыныптарға арналған cынып журналын, 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналын, факультативтік сабақтар, үйде оқыту журналын, мектепалды сыныптардың журналын (қағаз немесе электрондық форматта);
2) қысқа мерзімді (сабақ) жоспарды (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) жүргізеді.
оқу жылы басталғанға дейін бір рет:
1) пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарды (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) тәлімгерлік жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
тоқсандық қорытындысы бойынша:
автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын және бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдауды жүргізеді (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
оқу жылының қорытындысы бойынша бір рет:
9 (10), 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау хаттамаларын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
- Сынып жетекшісі:
оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде:
сынып жеткшісінің жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді және іске асырады;
тоқсандық және оқу жылының қорытындысы бойынша:
1) 1-4 сынып білім алушысының үлгерім табелін, 5-11 (12) сынып білім алушысының үлгерім табелін (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) білім алушының жеке іс қағазын (қағаз немесе электрондық форматында) жүргізеді.
Мектепішілік бақылауда мектеп құжаттарның жүргізілуі қаралатындықтан мектеп педагогтары мен сынып жетекшілердің құжаттарды талапқа сай толтыруы да зерделенеді.
Қазірга таңда барлық мектептер толық журналдың электрондық форматына көшкен. Электронды журналдың уақытында және талапқа сай толтырылуы күн сайын қадағалануы тиіс. Жұмыс аяғында есеп алынып, педагогикалық ұжымға таныстырылып отырады. Электронды журнал енгізілген жылдары толтыру кейбір педагогтарға қиындық туғызса, соңғы жылдары уақытылы және талапқа сай толтырылады. Білім алушының жеке іс қағазы мен оқушылардың үлгерім табелдері мектепішілік бақылаудың үнемі назарда ұстайтын нысанасының бірі. Сондықтан бұл тақырыптағы бақылауда мектеп бойынша зерделеу тобы құрылып, бұйрық негізінде және критерийлерді басшылыққа ала отырып, қорытынды жасалады. Мектептегі сынып жетекшілер саны жыл сайын артуда. Жас сынып жеткшілерге жетекшілер тағайындалып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі заманғы мектеп басшылары қызметінің негізгі бағыты – оқу- тәрбие үдерісі мен ұжымын тиімді басқару. Осы басқару мазмұны жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, бағалаудан тұрады. Сондықтан заманауи мектепте педагогикалық үдерісті қадағалайтын үйлесімді құрылған мектепішілік бақылау қажет.
Мектептiң оқу жылы iшiнде iстеген жұмыстаpын теpең зеpделеу – мектеп басшысы мен ұжымның алдындағы оқу-тәpбие үpдiсiнiң нәтижесiн ғана емес, педагогикалық iстi ұйымдастыpу тәжipибесiн, өткен жылғы кемшiлiктеpдi айқындап, жаңа педагогикалық мiндеттеpдi шешу жолдаpын көpсетедi. Бұл – өткен жыл мен жаңа оқу жылының дәстүpлеpiн сақтап, мектеп жұмысының белгiлi бөлiктеpiн жетiлдipуге, қалыптасқан жақсы дәстүpлеpдi сақтауға, мектеп өмipiнiң баp саласында үздiксiз алға басуға жәpдемдеседi.
Мектепiшiлiк бақылаудың негiзгi бағыттаpын дұpыс анықтау мүмкiндiгi оқушылаp бiлiм деңгейiн нақтылауда, тәpбие деңгейi мен оқыту сапасының нақты бағалануында, мұғалiмнiң оқу үpдiсiн ұйымдастыpуында пайда болады. Сауатты, теpең жасалған педагогикалық талдау баpысында мұғалiмнiң өз сабағы мен оқушылаpының бiлiм сапасы аpасындағы байланысты көpуге және өз еңбегiне сыpт көзбен баға беpуге мүмкiндiк беpедi, мұғалiмнiң жiбеpген қателiктеpiн қайталамау жолдаpын көpсетедi.
2.1. Мектеп құжаттамасының жүргізілуі.
Мектепішілік бақылау мазмұнынын ұйымдастырудың кез-келген мәселесінің жағдайын бақылау келесі кезеңдерден тұрады:
*бақылау мақсатын анықтау;
*бақылау нысанын таңдау;
- бақылау жоспарын құру;
- тексерушілерге жөн-жоба, нұсқау беру;
- бақылау формалары мен әдістерін таңдау;
- жұмыс жағдайы бойынша фактілерді айқындау;
- жұмыс жағдайын объективті бағалау;
- бағалау қорытындылары;
- оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру немесе кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар;кемшіліктерді жою мерзімін анықтау немесе қайта тексеру.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. «Жаңару — белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Инновациялық процестерді ендіру үшін өзара байланысты күштер анықталады: |
енгізілген технологияның ерекшеліктерімен |
жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен |
жаңалықты енгізу жолдарымен |
2.2. Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда жаңа әдіс – тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Мектебімізде жылдан жылға бақылаудың жаңа тәсілдерін қолдану мүмкіндігі ашылуда , яғни жаңаша әдіс тәсілдерді қолданудың нәтижелілігі анықталуда. Тәжірибе алмасу, үйрену, бөлісу әдістемелік кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында мектепішілік бақылау жұмыстарын өзара бақылауға, проблемаларды анықтауға, оның шешу жолдарын қарастыруды бөлісетін Бақылау топтар құрылды. Бұл топқа тәжірибелі ұстаздар да, жас мамандар да деңгейлеріне және шығармашылық қабілеттеріне қарай топтастырылды. Өйткені бастауыш сынып мұғалімдері барлық пәннен беретіндіктен пәндерге қарай шеберліктері мен ерекшеліктері де ескеріледі. Бақылау тобының мақсаты: Өзара тәжірибе алмасу, бақылаудың сапасын арттыру, нәтижеге бағыттау.
Мақсаты: білім алушылардың және олардың ата-аналарының білімге деген сұраныстарына сай қызметтер мен шарттардың нәтижелілігі жоғары жүйесін қамтамасыз ететін бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру.
Мақсатқа жетуге мынадай басқарушылық міндеттер ықпал етеді:
- жайлы оқу-дидактикалық, дамыту ортасын құру;
- педагогтардың ғылыми-әдіснамалық сауатын көтеру;
- ұстаздың көшбасшылық, жобалық-ұйымдастырушылық және рефлексивтік біліктіліктерін дамыту;
- әлеуметтік ортамен өнімді әрекеттестікті қамтамасыз ету.
Қалыптасқан басқару үлгісі ауқымды ынтымақтастықтың негізінде барлық басқару құрылымдарының оңтайлы кешенін құруға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық тұжырымдамасы барлық басқару субъектілерінен демократиялықты, әріптестікті, көшбасшылықты талап етеді, ал оған педагогтар, оқушылар мен ата-аналар жатады. Аталған басқару үлгісі білім берудің ізгілікті парадигмасын іс-тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді, оның негізгі идеялары төмендегідей
- оқушы – қызмет субъектісі (оқу процесінде оқушы мен мұғалім бірлесе әрекет етуі, әріптес болуы тиіс);
- педагогикалық ынтымақтастық (мұғалімдер, әкімшілік, оқушылар, сондай-ақ отбасы мен әлеуметтік орта арасында қалыптасады);
- мектеп ұжымының өмір сүру салты (достық, қатысу, қайғыру, қоса басқару нысандарында көрініс табады).
Директордың орынбасарлары, ӘБ жетекшілері зерттеу топтарының жетекшілерімен, мектеп басшылары оқушылардың өзіндік басқармасының көшбасшыларымен және ата-аналар қоғамымен тығыз серіктестікте жұмыс істейді, осының арқасында басқару құрылымдарының ресми және бейресми байланыстары бір бағытта жұмыс істейді: білім беру нәтижесінің сапасын қамтамасыз етеді.
Мектепішілік бақылау топтары |
Пәннің берілу сапасын бақылау тобы |
Математика сауаттылығын бақылау тобы |
Оқу сауатылығын бақылау тобы |
Жаратылыстану -гуманитарлық |
ББД бақылау тобы (Жас мамандар ) 1. Оқу шапшаңдығын бақылау 2. Дәптерлер сауаттылғын бақылау |
Іс –құжаттардың толтырылуы |
Педагогикалық –психологиялық зерттеулер (логопед, дефектолог, психолог) |
Критериалды бағалауды бақылау, оқу мақсаттарын жүзеге асыру тобы |
Оқушылардың сабаққа қатысын бақылау тобы |
Осындай бақылау тобымен жұмыстану нәтиже беруде. Зерттеу нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізудеміз:
1. Проблемаларды анықтайды ,оны шешу жолдарын ұсынады ,кеңес береді .
2. Өзара тәжірибе алмасу жанданады ,сабақ берудің сапасы артады .
3. Бақылаудың сапасы артады , нәтиже береді .
4. Мұғалімдер үнемі ізденеді ,білімдері мен практика ұштастырылады ,жаңашылдыққа ұмтылады .
5. Жас мамандарға тәжірибе жинақтауға септігін тигізеді .
6. Білім сапасы арта түседі .
7. Бақылауға, зерттеуге қызығушылықтары артып ,шығармашылық қабілеттері дами түседі.
Өткен оқу жылындағы бастауыш сыныптардың оқу үрдісіне SWOT талдау жүргізе отырып бақылау мен басшылықты жоспарлау.
SWOT талдау
S (Strengths)-күшті жағы | W (Weaknesses)-әлсіз жағы |
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейінің өсуі | Бастауыш сынып түлектерінің ақпараттық-цифрлік білім деңгейінің төмендігі. Бастауыш сынып оқушыларының көркем әдеби кітап оқу белсендігінің төмендігі |
O (Opportunities)-мүмкіндік | T (Threads)-қауіпті |
Мектеп тренерлері арқылы басқа мектеп ұстаздарымен байланыс Мектеп ұстаздарының оқу-әдістемелік құралдар шығаруы | Кейбір жекелеген оқушылардың пәнге деген мотивациясы төмендеген |
1.Бақылау жүргізуде «Делегирлеу стратегиясы» (мектеп әкімшілігі бақылау мен басшылық барысында өкілеттігін жауапты адамдарға беру) «Белсенді топ» құру:
- Бастауыш сыныптар бойынша бірыңғай каллиграфиялық талаптардың сақталуы,оқушының каллиграфиясын бақылау,кері байланыс арқылы түзету жұмыстарын жүргізу;
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік –инновациялық жұмысын бақылау,кері байланыс арқылы түзету жұмыстарын жүргізу;
- БЖБ,ТЖБ тапсырмаларының сапасы, модерация үдерісін бақылау,кері байланыс ,түзету жұмыстарын жүргізу
- Бастауыш сынып оқушылардың функционалдық сауаттылығын бақылау,базалық білім деңгейіне мониторинг жүргізу.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді. Сондықтан да мектепке келген жас мамандарды интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау үшін жаңа технологияны зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану үшін, тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгеруге көмек барысында тиімдісі Блум таксономиясы.
Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады, мысалы, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Блум таксономиясы – тұлға шығармашылығын дамытушы әдістердің бірі. Бұл әдіс жас мамандарды шыңдау мақсатындағы жұмыс қолданылады.
Блум таксономиясы бойынша жұмысты ұйымдастыру жас мамандардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау етеді. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- жас мамандарды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында жас мамандардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, маман бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтіледі.
Мектепішілік бақылаудың негізі нысаны-мектептегі білім сапасы. Білім сапасына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, жан-жақты талдау жасалады. Мектептегі жоғары орган-педагогоикалық кеңесте әр сыныптың білім сапасы, сондай-ақ әр пәннің сапасы жіті талданып, талқыланады, қорытындылар шығарылып, ұсыныстар беріледі.
Сыныптар бойынша:
Сыныптар бойынша өткен оқу жылындағы білім сапасы мен бірінші тоқсаннан бастап төртінші тоқсанға дейінгі білім сапасына талдау жасалып, педагогикалық кеңес сайын сапаның көресеткішінің өсуі мен төмендеу себебі анықталып,сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне себеп-салдарды анықтап, дамыту жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Пән бойынша:
Мектептегі жүргізілетін пәндер бойынша жыл басынан бастап көрсеткіштерге жыл соңына дейін талдау жасалады. Талдамалық материалдар педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте, әдістемелік бірлестік отырыстарында қаралып, тиісті дамыту жұмыстары ата-анамен, оқушымен пән мұғалімдерімен үштік одақта жұмыс жасалады. Педагог оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар ұйымдастырады.
Дарынды балалар – мемлекеттің және халықтың рухани байлығы. Сол себепті дарынды оқушыларымыздың талабын одан әрі ұштай түсу мақсатында мектеп бойынша әр түрлі жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын мектеп оқушылары олимпида, ғылыми жұмыстар сайысына, қашықтық олимпиадаларға және т.б. жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. Бұның өзі оқушыларымыздың жан-жақты білім алып, мұғалімнің жетекшілігімен өзіндік ізденісінің айғағы болып табылады.
Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады. Баланың сырқатына байланысты қорытындыда көрсетілген үйде оқыту мерзімі бір айдан оқу жылының соңына дейін болуы мүмкін. Мүгедектік тағайындалған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» №12 қосымшасына сәйкес формада мүгедектік туралы анықтама беріледі.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жергілікті ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет ретіндегі үйде жеке тегін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен» реттеледі. Берілген стандарт «үйде жеке тегін оқыту» қызметін алу тәртібін анықтайды және бірнеше кезекті кезеңдерді қарастырады.
Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу жүктемесі немесе сыныптар бойынша аптадағы сағат саны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 (өзгертулер мен толықтырулар 04.09.2018 ж., №441) бұйрығымен бекітілген білім беру деңгейлері бойынша Үлгілік оқу жоспарымен белгіленді.
Әр оқушыға үйден оқытуды ұйымдастыру Білім туралы заңға сәйкес, 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат негізінде, үйде оқылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алынды.
Үйден оқитын оқушыларға «Үйден оқытуды ұйымдастыру туралы» мектепішілік бұйрық шығарылды. Талапқа сай тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары ме сабақ кестесі жасалып, мұғалімдер тағайындалды. Әр оқушыға жеке журнал арналып, ол журналдағы бағалар электронды журналға түсіріліп, оқушы барлық сыныптағы тізіммен бағаланды.
Үйден оқитын оқушыларға ОТІЖ орынбасарлары, сынып жетекшілері мен психолог тарапынан баланың жағдайы, оқу барысы қадағаланып отырады.
Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық білім беру деңгейлерінде білім алу үшін, даму бұзылысын түзеу үшін және әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық актілер жалпы білім беретін мектепте денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін балалар үшін қалыпты және арнайы сыныптардың ашылуы қарастырылған.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылармен бірлесе оқытатын қалыпты (бұдан әрі — инклюзивті) және арнайы сыныптарын жалпы білім беретін мектепте құру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) берілген.
Үлгілік қағидалардың 18 тармағына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті және арнайы сыныптар халықтың қажеттілігін, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүгедек баланы тәрбиелеп жатқан ата-аналардың мүддесін есепке ала отырып, білім беруді жергілікті басқару органдарының келісімі бойынша ашылады.
Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ҚР МЖБС негізінде жасалған арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады.
Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық
кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.
Жеке білім беру (инклюзивті білім беру) бағытындағы жұмыс директор жанындағы кеңесте қаралады.
Қосымша. Мектеп құжаттарының жүргізілуі бойынша ұсыныстар.
Әкімшілік тарапынан мектеп құжаттарының жүргізілуі үнемі қадағаланып отырады.
- Орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс қағазы;
Жеке іс-қағаздарын сынып жетекші жүргізіп отырады. Мемлекеттік қызмет бойынша жеке іс-қағазында оқушының ата-анасының өтініші, 3*4 суреті, жеке куәлігінің көшірмесі ғана болады. Медициналық құжаттар мектеп дәрігерінде сақталады.
- Орта білім беру ұйымдарына арналған 1-11 сынып білім алушысының үлгерімі туралы табель;
Оқу жылының соңында электронды журнал «Күнделіктен» оқушылардың үлгерім табелі шығарылып тігіледі;
- Орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушыларды жазатын алфавиттік кітабы;
Алфавиттік кітапта талапқа сай келген-кеткен оқушылар белгіленіп отырады;
- Орта білім беру ұйымдарына арналған кеткен білім алушыларды есепке алу кітабы;
Кеткен білім алушылар құжаттары уақытылы тігіліп отырады;
- Орта білім беру ұйымдарына арналған келген білім алушыларды есепке алу кітабы;
Келген білім алушылар құжаттары уақытылы тігіліп отырады;
- Орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабы;
Табельдерді есепке алу кітабында оқушылар табелдерінің номері жазылып, сынып жетекшілерге беріледі;
- Орта білім беру ұйымдарына арналған негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабы;
Негізгі орта білім туралы аттестатты 27 оқушы алды, барлығы кітапқа тіркелді;
- Орта білім беру ұйымдарына арналған жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабы;
Жалпы орта білім туралы аттестат 15 оқушыға берілді. Бұл туралы кітапқа жазба жасалды;
- Орта білім беру ұйымдарына арналған мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабы;
2-8,10 сынып оқушыларына берілген Мақтау қағаздары мен 11 сынып оқушыларының жеке пәндер бойынша берілген мақтау қағаздары кітапқа тіркелді;
- Электронды журналдар;
2021-2022 оқу жылының мектепішілік бақылау жұмысының жоспары жоспарланған уақытта жоғарыда аталған сыныптарды бақылауға қойып, білім сапасының төмендігін анықтау керек. Білім сапасын жоғарлату мақсатында барлық мектепішілік іс-шаралар өткізілді. Соған қарамастан жоғарыда көрсетілген сыныптарда білім сапасы әлі төмен, алдағы уақытта білім сапасын көтерудің жаңа түрлерін таңдай отырып пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыс атқарылуы керек. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын құруда оқушы жағдайының жайлылығына көңіл бөлу. Оқушыны тапсырмалар орындау барысында формативті бағалау түрлерімен үнемі ынталандыра отырып, жыл бойғы өзгерістерді бақылап, нәтижеге бағытталған жұмыс көрсетеміз. Пән мұғалімдері мен класс жетекшілер тарапынан қосымша жұмыстар жүргізілсе мектептің пайыз көрсеткішін жоғарлатуға болады деген сенімдемін.
Ұсыныс:
- Класс жетекшілер білім сапасын көтеру мақсатында пән мұғалімдерімен тығыз байланыс жүргізсін;
- Жаңа мазмұнда оқыту бағдарламасының әдіс – тәсілдерін барлық пән мұғалімдері сабақтарында тиімді қолдансын;
- Мектеп мұғалімдеріне жаңартылған білім беру мазмұнына сай жоспарлауды жүзеге асыру арқылы пәндер бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру жұмыстарын жандандырсын;
- Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту үшін мектеп психологтары ата — анамен бірлескен жұмыстарды жүйелендірсін;
- Педагогикалық шеберлікті жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырылсын.
Қорытынды.
Қорыта келе, мінсіз басқару педагогикалық кадрлардың жақсы даярлығы мен кәсіби қызметінің жоғары сапасына кепілдік беруі тиіс. Сапаның төмендеуіне себепші болатын факторларды жою үшін оларға талдау жасау керек.
Басқару әдістерін демократияландыру, қызметкерге сенім білдіру бақылаудан мүлдем бас тарту дегенді білдірмейді. Кез келген қоғамда және кез келген әдістемеде бақылаусыз басқару болуы мүмкін емес. Мәселе тек қалай бақылауда болып табылады. Менеджмент, ең алдымен, қызмет атқару үдерісін емес, түпкілікті нәтижені тексеруді назарға алады. Алайда егер түпкілікті нәтиже бағдарламада талап етілгеннен төмен болса, сонда ғана түпкілікті нәтиже сапасының төмен болуының себебін зерттеу мақсатында жұмыс үдерісіне араласуға болады. Немесе, керісінше, түпкілікті нәтиже жақсы болған жағдайда да мектептің немесе мұғалімнің қызмет үдерісін тексеруге болады, бірақ басқа мақсатта – тексерілетін нысанның тәжірибесін зерттеу немесе талдап қорыту мақсатында тексеру. Мектепішілік бақылау-негізгі басқару функцияларының бірі болғандықтан, өзекті мәселе болып табылады.
Мектепішілік бақылау- қойылған міндеттерге сәйкес, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін талдау және жан-жақты зерделеу мақсатындағы барлық жұмысты үйлестіру. Оқу және тәрбие үрдісін басқарудың тиімділігі, басшы оқу үдерісінің жағдайы туралы қаншалықты деңгейде білетіндігіне байланысты.
Мектеп директоры өзінің орынбасарларымен бірлесе отырып, мектепте педагогтардың, сонымен қатар, оқушылар ұжымының іскерлігіне басшылық етеді, яғни мектеп директоры бүгінгі күннің талаптарына сәйкес оқу-тәрбие үдерісіне басшылық етуге тиісті. Яғни, мектеп директоры басшылық етеді. Сондықтан да, бақылау- өсіп келе жатқан ұрпағымыздың жоғары деңгейде сапалы білім алып тәрбиеленуіне бағытталуы қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
3. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, Дарын 2004ж.
4. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы – 2005ж.
5. Бахишева С.М. Инновациялық үрдістерді мектеп басқаруда қолдану жолдары: оқу-əдістемелік құрал. − Орал, 2005. -78 б. 63.
6. Баймолдаев Т.М. Мектеп басқару: даму тарихы, ғылыми жəне əдіснамалық негіздері, тəжірибесі.-Алматы, 2009.-257 б.
7. Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Қарағанды: Санат-Полиграфиясы, 2008.- 126 б.
8. Шер Р.П., Кожахметова К.Ж., Демеуова М.Е. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалаудың өлшемдері- Критерии оценки воспитательного процесса и уровня воспитанности учащихся. - Алматы. 2006, -212 бет.
9. rusnauka.com›4_SND_2013/Pedagogica 126168.doc.htm
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз 1
Кіріспе 2-3
I бөлім. Мектепішілік бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар 3-5
1.1. Мектепішілік бақылау барысында жалпы орта білім беру жүйесі педагогикалық қызметкерлеріне қойылатын құзыреттілік талаптары 5-10
1.2. Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда деректер жинау әдісі 10-16
II бөлім. Мектепішілік бақылауды жүргізуде инновациялық тәсіл 16-17
2.1. Мектеп құжаттамасының жүргізілуі 17-18
2.2. МІБ ұйымдастыруда жаңа әдіс–тәсілдерді қолданудың тиімділігі 18-22
Қосымша. Мектеп құжаттарының жүргізілуі бойынша ұсыныстар 22-23
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
Мазмұны