Жас Ұлан-2019 » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қазан
2019

Жас Ұлан-2019

2019 жылдың 23- қазанда Бозанбай орта мектебінде Қазақстан Республикасының Жастар жылына арналған әскерге дейінгі және әскерге шақырылатын ер балалар арасында аудандық әскери –қолданбалы спорттық жарыс өтті.
Өткізілген шараның басты мақсаты: Қатысушылардың АӘТД пәнінен білім деңгейін дамыту, оқушылардың Отан қорғауға дайындығын тәрбиелеу, ҚРҚК құрметтеу, салауатты өмір салтын қолдау.
Жарысқа 9-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.
Жарыстың жеңімпазы ойынның 4 түрінен аңықталды. Олар: ММГ АК-74 бөлшектеу және жинақтау, кермеде тартылу, граната лақтыру және газтұмылдырықты кию.
Жарыстың қорытындысы бойынша Бозанбай орта мектебі І-орын, Таврия орта мектебі ІІ-орын, ал М.Ломоносов атындағы орта мектеп ІІІ-орын иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлан ауданының білім бөлімінің грамоталарымен, ал жеңімпаз команда ауыспалы кубокпен марапатталды.

Похожие публикации: