10
наурыз
2023
Қыздар арасында мылтық атудан аудандық турнир
2023 жылдың 9 наурызында «Б. Ахметов атындағы орта мектебі» КММ-де 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған Ұлан ауданы білім беру мекемелерінің әйел мұғалімдері мен оқушы қыздары арасында пневматикалық мылтықтан оқ атудан әскери-спорттық жарысы өткізілді.
Жекелей есепте мұғалімдер арасында І орынды Бозанбай орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сағиолда Нұршат Сағиолдақызы және оқушылар арасында І орынды 10 сынып оқушысы Назкейқызы Ақбота иеленді.