19
желтоқсан
2020
«Тарих-география, музыка, өзін-өзі тану» ӘБ онкүндігінде өткен ашық сабақтардың қорытындысы
«Тарих-география, музыка, өзін-өзі тану» ӘБ онкүндігі өтті.
География пән мұғалімі Жексембинова Гульназ Биржановна 11«а» сыныбында «Ұлыбритания» атты ашық сабақ өткізді. Мұғалім түсті жетондар арқылы оқушыларды үш топқа бөлді. Жаңа тақырыпты «Миға шабуыл» стратегиясымен бастады, оқушыларға «Ұлыбритания туралы не білеміз»? деген сұрақ қойылды. Үш тілді білу – заман талабы болғандықтан, оқушыларға берілген тапсырмалар үш тілді қамтыды – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін. Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға тест сұрақтары берілді. Басқа топтардың жұмысын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалап отырды. Сабақ сонында оқушылар «Ұлыбритания» сөзіне СИНКВЕЙН құрастырды.
Сабағында мұғалім көрнекіліктер қолданды-слайдтар, дүние жүзінің саяси картасын. Мұғалім сабағында 7модульді кіріктірді: СТО, диалог арқылы оқыту, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау. Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың мақсатына жетті деп айтуға болады. Сабағы қызықты, танымды болып өтті.
Мұғалімге ұсыныс: уақытты үнемді пайдалану.
Сағиолда Нұршат - тарих мұғалімі, 9 «а» сыныбында «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың басында мұғалім «Өз есімім» тренинг арқылы психологиялық ахуал қалыптастырды. Оқушыларды қағаз қиындыларын біріктіру жолымен топтарға бөлді:
1-топ «Ақын»
2-топ «Ұстаз»
3-топ «Ғалым»
Мұғалім сабағында топтық, жекелей жұмыс түрлерін қолдану арқылы оқушылардың дара бейімділігі мен қызығушылықтарын арттырды. Сабағында 7модульді кіріктірді: СТО, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, дарынды оқушылармен жұмыс жүргізілді. «Аралдарға саяхат», «Еркін микрофон», «Қарқын», «Серпілген сауал» әдістерін қолданды. Сабақтың мақсатының бірі оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Сабақ тартымды, қызықты өтті. Оқушылар сабақта белсене жұмыс жасады.
Мұғалімге ұсыныс:
Дарынды, ұлгерімі төмен оқушыларға арнайы тапсырма беру
Мәуліт Алтынай - музыка, өзін-өзі тану мұғалімі 6 «а» сыныбында өзін-өзі тану пәні бойынша «Ақкөңілділік туралы» атты ашық сабақ өткізді. Сабағы ұйымдастыру 5 «Т» ережесін сақтау және тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену» кезенінен басталды. Үй тапсырмасын тексеру және жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында топтық жұмыс жүргізілді. Оқушылар «Мейірім тобы», «Сүйіспеншілік тобы», «Дұрыс әрекет тобы" деп бөлінді. Берілген тапсырмаларға оқушылар еркін жауап беріп, өз ойларын жеткізе білді Оқушыларға шығармашылық тапсырма да берілді: сахналық үзінді көрсету-ақ көңілді, қайырымды адам қандай болады екен туралы. Сабақ сонында оқушылар топпен «Жақсы адамдар» әнін орындады. Мұғалім сабағында СТО, диалогтық оқыту, ойын технологияларын қолданды. Сабақ сонында «Бес саусақ» стратегиясы арқылы оқушылар өз жұмыстарына баға берді.. Мұғалім қойылған мақсатына жетті деп айтуға болады.
Мұғалімге ұсыныс: уақытты үнемді пайдалану. Дарынды оқушыларға арнайы тапсырма беру.
География мұғалімі Жексембинова Г.Б және тарих пәні мұғалімі Сағиолда Н.С 29.11.2019 күні «Елбасы – еңселеткен Елорда», атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына 9-11 сыныптар қатысты. Оқушылардың назарына, Елбасы күніне байланысты, Елорданың салыну тарихы жөнінде видеоролик ұсынылды. Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларға Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушылар видеороликті негізіне ала отырып, постер құрады, бір-біріне сұрақ қойып, берілген сұрақтарға жауап берді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды, ҚР тұңғыш Президенті туралы білімдері терең екенін көрсете білді. Тәрбие сағаты мақсатына жете білді.
Тұңғыш Президент күніне орай 2-11 сынып оқушылары «Елбасы – елдің тірегі» атты шағын концертке өз өнерлерін дайындап көрсетті. Бұл концертті ұйымдастырған музыка пән мұғалімі Мәуліт Алтынай. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір баяны оқушыларға бейнеролик арқылы ұсынылды. Бұл сабақтан тыс шараның мақсаты өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылар Елбасының сүйікті әндерін және патриоттық әндерді орыңдады. Оның ішінде атап айтсақ 8а сынып оқушысы Шаризат Жұпар «Қазақ елі осындай», 2а сынып оқушылары Мәуліт Бақдәулет, Шеризат Ақжол, Есболқызы Айжан, Мұратханов Алихан «Туған ел», 10а сынып оқушысы Бақытқан Мейрамбек «Қазақ жастары» әнін орындады. Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концерт қызықты өтті, оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсете білді.
Рамазанқызы Тоғжан - 6а сыныбында «Наймандар, керейіттер және жалайырлар» атты ашық сабақ өткізді. Жұмысқа кіріспес бұрын мұғалім оқушыларды түсті жетондар арқылы наймандар, керейіттер, жалайырлар атты топтарға бөлді. Бірінші тапсырмада найман, керейіт, жалайырлардың Қазақстан аумағына қоныстануының себептерін «Фишбоун әдісі» («Балық сүйегі») арқылы талдау болды. Бұл тапсырманы орыңдау барысында ерекше көзге түскен Аянат, Ербосын, Рамиль. Келесі тапсырмада оқушылар найман, керейіт, жалайырлар мен Қарахан мемлекеттерін өзара салыстыру болды. Әр тапсырмаға дискриптор берілді. Бұл тапсырманы да оқушылар қызығушылықпен орыңдады. Әсіресе көзге түскен Гульзана, Аяулым, Тірек. Сабақ соңында әр оқушы өз жұмысына рефлексия берді, рефлексияны мұғалім «Чемодан. Еттартқыш. Қоқыс жәшігі» стратегиясы бойынша жүргізді. Жалпы сабақ қызықты әрі тартымды өтті. Мұғалім өз мақсатына жетті деп айтуға болады.

Дарынды, ұлгерімі төмен оқушыларға арнайы тапсырма беру.
Тұнғыш президент күніне орай 5-7 сыныптар арасында мұғалім «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаттың мақсаты 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатын мұғалім Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.И. Ахметовтың жолдаған лекциясынан бастады. Оқушыларға сұрақтар қойылып, олар қызыға жауап берді. Соның ішінде, атап айтар болсақ, 5 ә сыныбынан Ермек Б., Жарқын А., Бақытов А., 6 а сыныбынан Тұрарова А., Ынтымақұлы Т., Жақсыбай Г., 7 а сыныбынан Шакирова А, Алтайқан А., Жәнібекова Д. өте белсенді қатысты. Топтарға бөлінген сыныптар «Қазақстан» сөзінің әріптеріне Қазақстан Республикасына лайықты атауларды тізіп жазу тапсырмасы берілді. Бұл тапсырмада 7 А сыныбы ерекшлігімен көзге түсті.
Сабақ соңында барлық оқушылар шаттық шеңберін құрып, игі тілектерін тілеп, Қазақстан Республикасына адал қызмет ететіндерін айтып, «Рухани жаңғыру» жолындағы елдің болашағы өз қолдарында деп, «Жұлдызымыз жарқырасын» деп шарларды аспанға ұшырды.