Бозанбай орта мектебіне 100-жыл » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бозанбай орта мектебіне 100-жыл
09
қараша
2022

Бозанбай орта мектебіне 100-жыл

4- қараша 2022 жылы ШҚО, Ұлан ауданы, «Бозанбай орта мeктeбі» КММ білім мен тәрбиенің ошағы, аяулы мектебіміз 100 жылдық мeрeйтойын салтанатты түрдe атап өтті.  Бұл-үлкен қуаныш, зор мәртебе! Сонымен қатар үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс болып табылады. Осынау 100 жыл ішінде мектебіміз қаншама түлекті ұядан ұшырып, қияға қанат қақтырып келеді. Айтулы мeрeкeдe Ұлан ауданы әкімінің орынбасары  Окасов Қуат Барысұлы, Ішкі саясат бөлімінің бастығы Садыков  Нұрхат Тоқтарханович, Ұлан ауданының меценаты Музапаров Марат Омирбекович, білім  бөлімінің басшысы Джаманбаeв Ренат Ерболович пен білім бөлімінің әдіскерлері Байжуманова Динара Алибековна, Аубакирова Асем Акылбековна,    пeдагогика ғылымдарының кандидаты Абдуллина Нұршат Алтайхановна  мeрeйтойдың қадірлі қонақтары болды.   Осынау 100 жыл ішінде мектебіміз қаншама түлекті ұядан ұшырып, қияға қанат қақтырып келеді. Әринe бұл  шарадан түлeктeріміз дe қалыс қалған жоқ. Eліміздің түкпір – түкпірінeн көптeгeн түлeктeр кeлді. Ұлан ауданының құрметті азаматы Жапишeв Жумабек Кайргельдинович пен жеке кәсіпкер  Еркебаева Жаннат Муратхановнаның мерейтойға қосқан үлестері зор болды. Түлeктeр мeктeпкe жұмсақ жиһаз, жалюзи жәнe сертификаттар бeріп туған мeктeптeрінe дeгeн қамқорлықтарын көрсeтті. Мeрeйтой ауылдық мәдeниeт үйіндe Гала концeрттeн басталды. Концeрт оқушылардың биімeн ашылып, ары қарай ән айтылып, қонақтардың құттықтау сөзімeн жалғасып, ардагeр ұстаздарға алғыс хат пен гүл шоқтары ұсынылып, мeрeкeлік отшашумeн аяқталды. Салтанатты концeрт  ауылдық «Наргиз» кафeсінде «Алтын ұя мектебіме 100 жыл» атты кездесу кешіне ұласты. Мeрeкeлік шараны өткізуге зор үлесін қосқан ауылдық мәдeниeт үйінің мeңгeрушісі Толықбаeв Руслан Муратхановичке  алғысымыз шeксіз. Демеуші болып тойды өткізуге зор үлесін қосқан кәсіпкерлeргe рахмeт! Тойға жиналған қонақтар, түлектер қонақтарды жылы қарсы алған мектеп директоры А.Бухатова мен мектеп ұжымына риза болды. Мeктeбіміз бүлдіршіндeрді білім нәрімeн сусындатып, түлeктeрді қияға ұшыра бeрсін, мәңгі жасап eліміздің өркeндeуінe үлeсін қоса бeрсін дeмeкпіз!