Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ (тәлімгер) » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ (тәлімгер)
27
қараша
2023

Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ (тәлімгер)

Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша

ХАБАРЛАНДЫРУ


Конкурс жариялаған білім беру ұйымының толық атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бозанбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогінің   уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурс жарияланған уақытша  бос лауазымының атауы:

Тәлімгер (1 ставка)

Конкурс жарияланған күн: 27.11.2023 ж.

Орналасқан жері: ШҚО, Ұлан ауданы, Бозанбай  ауылы, Самат Муканов көшесі – 1Б

Электрондық пошта мекенжайы: bozanbai.sh@mail.ru

Индекс: 071602

Телефон нөмері: 8 (723) 3821- 681

Лауазымдық міндеттері

балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;

      білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;

      балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады;

       ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;

      балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

      білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;

      білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;

      балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;

      білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;

      каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады;

      білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады;

      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

      балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді;

      өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

       Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

       тынығу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесі;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Лауазымдық жалақы мөлшері: 161573 теңгеден 263 953 теңгеге дейін.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

- Тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.  

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары);
  4. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі(бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген.) бекітілген нысан бойынша денсаулық бойынша анықтама;
  7. Психоневрологиялық ұйымынан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымынан анықтама;
  9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат  немесе педагог- модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
  10. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
  11. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  12. тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Уақытша бос лауазымға педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі: жүктілікке және бала тууға байланысты демалыста отырған негізгі маман шыққанға дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны:  

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бозанбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні- 06.12.2023 ж.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8723-38-21-681, электрондық пошта: 

bozanbai.sh@mail.ru