30
қараша
2023
Әскери-қолданбалы спорттық ойындары
2023 жылдың 29 қарашасында Бозанбай орта мектебінде Ұлан ауданының 95 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорттық ойындарынан жарыс өткізілді.
Ойын алты кезеңнен өтті: ММГ АК-74 толық емес бұзу және қайта жинау, оқжатарды жабдықтау, жатып кеуде көтеру, қолды бүгіп, кеуде көтеру, биік кермеде тартылу, газ тұтқыш кию.
Турнир қорытындысы бойынша Бозанбай орта мектебінің "Айбын" ӘПК курсанттары жеке біріншілікте келесі нәтижелерге қол жеткізді : Әлібек Әлихан ММГ АК-74 толық емес бұзу және қайта жинау - 3 орын, биік кермеде тартылу -3 орын, Сейташимов Ералы оқжатарды жабдықтау - 2 орын, Назкей Ақбота жатып кеуде көтеру -1 орын , газ тұтқыш кию – командалық - 2 орын.
Жиналған ұпай саны бойынша "Айбын" ӘПК командасы жарыстың жеңімпазы және кубок иегері атанды.