«Зерде» зерттеу жобалары конкурсы » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зерде» зерттеу жобалары конкурсы
01
қараша
2023

«Зерде» зерттеу жобалары конкурсы

2023 жылы 01 қараша күні Өскемен қаласында «Нұрорда» мектеп-лицейінің базасында 2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты - оқушылардың зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қолдау, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу.
Облыстың барлық аймақтарынан келген 350-ден астам жас зерттеушілер – аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары 12 секция бойынша конкурсқа қатысты.
Зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын жас зерттеушілер филология, тарих, техника және жаратылыстану ғылымдары, сонымен қатар медицина және психология, технология және өнер, туризм және спорт салаларында өздерінің жұмыстарын ұсынды.
Облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады.
Осы зерттеу жобалары конкурсына Бозанбай орта мектебінің оқушылары Шәризат Ақжол мен Маркс Айзере қатысып І-орынға ие болды!
Құттықтаймыз!!!