Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ
04
қаңтар
2024

Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ

Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша

ХАБАРЛАНДЫРУ


Конкурс жариялаған білім беру ұйымының толық атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бозанбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогінің уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурс жарияланған уақытша бос лауазымының атауы:

Ағылшын тілі пәні мұғалімі  (9,5 сағат)

Конкурс жарияланған күн: 04.01.2024 ж.

Орналасқан жері: ШҚО, Ұлан ауданы, Бозанбай  ауылы, Самат Муканов көшесі – 1Б

Электрондық пошта мекенжайы: bozanbai.sh@mail.ru

Индекс: 071602

Телефон нөмері: 8 (723) 3821- 681

Лауазымдық міндеттері

Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады,

білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

           Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.

Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.

Электронды журналдарды толтырады.

Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

           Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

 Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.

Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. 

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.

Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

           Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Лауазымдық жалақы мөлшері: 212 060 теңгеден 324 920 теңгеге дейін.

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

- Тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары);
  4. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі(бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық   сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген.) бекітілген нысан бойынша денсаулық бойынша анықтама;
  7. Психоневрологиялық ұйымынан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымынан анықтама;
  9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат  немесе педагог- модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
  10. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
  11. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  12. тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Уақытша бос лауазымға педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі: жүктілікке және бала тууға байланысты демалыста отырған негізгі маман шыққанға дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны:  

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бозанбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні- 15.01.2024 ж.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8723-38-21-681, электрондық пошта: 

bozanbai.sh@mail.ru, bozanbai_om@mail.kz