МАРАПАТЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МАРАПАТЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
11
қаңтар
2024

МАРАПАТЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұсынысымен 42 жыл білім саласында қызмет атқарып жүрген Абдрахманова Гульмира Турдыбековна «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Гульмира Турдыбековна 1981 жылдан бері білім саласының барлық сатысынан өтіп, мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Еңбек жолын С.М. Киров атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімінен бастап,  2000 жылы «Бозанбай орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.
Гульмира Турдыбековнаның жұмысындағы мақсаты мектептегі оқу-тәрбие процесін әдістемелік жағынан сауатты және кәсіби түрде басқарып, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында баланың жеке ерекшеліктерін дамыту негізі болып табылатын тәрбие жұмысының жоғары ұйымдастырылған жүйесін дамыту. 
Шығармашылық және дарынды балаларды анықтау, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғау. Әкімшілік ұтқырлығы жоғары, шығармашылық іс-әрекет түріне бейім Гульмира Турдыбековна оқушылардың  жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастырушылық, жоспарлау жұмыстарын үнемі дамытып отырады. Сәтті ұйымдастырылған жұмыстың арқасында, мектеп өзіндік ерекшелігі бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Мектеп оқушылары аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.
Гульмира Турдыбековна  білім беру саласындағы жақсы жетістіктері және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі лайықты қызметі, еңбектегі шығармашылық педагогикалық қызметі үшін республикалық, облыстық деңгейінде марапатталған тұлғалардың бірі. Өзінің ішкі мәдениетімен, білімінің кеңдігі мен тереңдігімен, ерекше саналылығымен, жоғары жауапкершілік сезімімен, өз мамандығына деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. 
Гульмира Турдыбековна алған марапатыңыз құтты болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, қызметте мол табыстар тілейміз!