Абайлаңыз! Жұқа мұз! » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абайлаңыз! Жұқа мұз!
27
наурыз
2024

Абайлаңыз! Жұқа мұз!

Ұлан ауданы  ТЖБ-і ескертеді: мұз үстіне шығу қауіпті!
 
Ауа райының жылынуына байланысты ауданның су айдындарында мұздың еруі басталды. Осыған байланысты су айдындарындағы мұз осал, сол себепті шұңқырлар мен ойдым жерлер пайда болған, бұл тұрғындардың өмірі үшін қауіп төндіреді. 
Көктем мезгіліндегі мұз көп жағдайда балалардың өмірі үшін қауіп төндіреді. Ата-аналары мен үйдің үлкендерінің қарауынсыз қалған балалар қауіпсіздік шараларын білмегендіктен, су айдындарындағы мұз үстінде ойнайды. Мұндай немқұрайлылық қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады.
Құрметтіата-ана! Балаларды өзенге жібермеңіз, көктем мезгілінде өзен немесе көлдің үстіндегі мұзда жүрудің қаншалықты қауіпті екенін ескертіңіз. Балаларға қауіпсіздік шараларын айтып беріңіз, суда ойнауына тыйым салыңыз, тентектік жасауына жол бермеңіз.
Ұлан ауданы ТЖБ-і тұрғындарға өзінің және жақындарының өмірі үшін мұз үстіндегі қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

-мұздың жұқа учаскелеріне шығуға;
- мұздың жекелеген учаскелерінде топ-топпен жиналуға;
- мұздағы шұңқырларға, ойықтарға жақындауға;
- автокөліктермен өткелдерден өтуге;
- түнгі уақытта мұз үстіне шығуға болмайды.
- тек жеке құтқару құралдары (шеңберлер, кеудешелер) болған кезде мұз астынан балық аулауға жол беріледі.
 
Ұлан ауданы ТЖБ