03
сәуір
2023
Біз аудандық спартакиаданың жеңімпаздарымыз
«Бозанбай орта мектебі» КММ-нің мектеп ұжымы 2023 жылдын 01 сәуірінде "Салауатты өмір салты" ұранымен Кеңес Одағының батыры , жерлесіміз Т.Тохтаров атындағы жүлде үшін өткен Ұлан ауданы бойынша білім беру кызметкерлерінің дәстүрлі аудандык спартакиадасының ақтық ойынға қатысты. Жарыс 5 түрлі спорт түрінен өтті. Мектебіміздің мұғалімдері жеке есепте және командалық есепте де жүлделі орындарға ие болды: волейболдан (Касенгазин Мейрам, Шәкіров Асан, Журкабаев Муслим, Ашимжанов Нурболат, Елубаев Рустам, Бекбосынова Аружан, Дәулет Аңсагүл, Сағиолда Нұршат) 3 орын, шахматтан Сапашев Бауржан 2-орын, үстел теннисінен Бекбосынова Аружан, Шәкіров Асан 1-орын және Қ.Садакпаев атындағы ауыспалы кубок алды.
ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА ЖАЛПЫ КОМАНДАМЕН І -ОРЫНҒА және Т.Тохтаров атындағы ауыспалы кубокқа ие болды.




